Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3796 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 08:30

АЛЛАНЫҢ АҚ БЕКЕТІН – ТҰРМЫСТЫҢ ТҰТҚЫНЫНА АЙНАЛДЫРМАЙЫҚ!

«Маңғыстау» газетінің 30 қазан күнгі /2012 ж/ №182 санында бастамашыл топтан құралған ел ағаларының «Жаңаөзен қаласын  Бекет Ата атымен атап, рухани орталыққа айналдырайық!» атты мақаласы жарық көрді.
Аталған мақалада көрсетілген өзекті мәселе шынтуайтына келгенде арысы дін мұсылманға, берісі алты Алаш пен күллі Адай ата ұрпақтарына оқыс ой салды. Бұл ұсыныс өз кезегінде сан алуан қызу пікір сайыстарға тамызық болып жатқаны жасырын емес.  Құдайдың құлымын дейтін пенденің Алланың сүйген құлы - Пір Бекеттің есімі аталған жерде бей-жай қала алмасы анық.
Сол ұлы даланың, тағдыры бөлек тарихи өлкенің төл перзенттері ретінде біз де өз ұсыныстарымызды ортаға салғымыз келеді.
Бірінші: Әлем тарихындағы кез-келген елеулі есімдер мен елдімекендер бір күнде жалпыұлттық немесе адамзаттық құндылыққа ие болмаған. Уақыттың екшеуімен  қалыптасу жолында өзіндік атау мен құндылыққа ие болған. Кеңестік империяның тұсында бодандыққа байланып, босқындыққа ұшыраған түбектің төрт құбыла халқы  ұстарға ұстын, қонарға қоныс, тігерге тұяқ таппай, жазықсыз жамырап бас-басына кеткен. Созылмалы аурудай сүйектің нәрін сорған сол заманда бақыттың таңындай, үміттің шамындай боп жарқырап сәуле шашқан атадан балаға мирас ұлттық рухымызбен қоса, ұлан байтақ Алашқа кешеден бүгінге дейін тірек болып келе жатқан мұнайымыз болатын.

«Маңғыстау» газетінің 30 қазан күнгі /2012 ж/ №182 санында бастамашыл топтан құралған ел ағаларының «Жаңаөзен қаласын  Бекет Ата атымен атап, рухани орталыққа айналдырайық!» атты мақаласы жарық көрді.
Аталған мақалада көрсетілген өзекті мәселе шынтуайтына келгенде арысы дін мұсылманға, берісі алты Алаш пен күллі Адай ата ұрпақтарына оқыс ой салды. Бұл ұсыныс өз кезегінде сан алуан қызу пікір сайыстарға тамызық болып жатқаны жасырын емес.  Құдайдың құлымын дейтін пенденің Алланың сүйген құлы - Пір Бекеттің есімі аталған жерде бей-жай қала алмасы анық.
Сол ұлы даланың, тағдыры бөлек тарихи өлкенің төл перзенттері ретінде біз де өз ұсыныстарымызды ортаға салғымыз келеді.
Бірінші: Әлем тарихындағы кез-келген елеулі есімдер мен елдімекендер бір күнде жалпыұлттық немесе адамзаттық құндылыққа ие болмаған. Уақыттың екшеуімен  қалыптасу жолында өзіндік атау мен құндылыққа ие болған. Кеңестік империяның тұсында бодандыққа байланып, босқындыққа ұшыраған түбектің төрт құбыла халқы  ұстарға ұстын, қонарға қоныс, тігерге тұяқ таппай, жазықсыз жамырап бас-басына кеткен. Созылмалы аурудай сүйектің нәрін сорған сол заманда бақыттың таңындай, үміттің шамындай боп жарқырап сәуле шашқан атадан балаға мирас ұлттық рухымызбен қоса, ұлан байтақ Алашқа кешеден бүгінге дейін тірек болып келе жатқан мұнайымыз болатын.
Өлкеге өмір берген қара жердің қатпарындағы сол мұнайдың қарапайым халықтың аузындағы атауы - Жетібай, Жаңаөзен, Маңғыстау болатын.

Жанартау болып лапылдаған жаңашыл аймақтың Жаңаөзен атты қаласы да  сол айшықты белесіміздің кіндігі. Демек, біздің көз алдымызда тарих тамыр салып, бүр жарды. Жаңаөзен қаласы жас та болса жаһандық картадан өзіндік орнын алды. Жаңаөзен атауы тарих сахнасында кеңестік империяның солақай саясатының құрбандығы ретінде де өзіндік мәнге ие болған әділеттілік пен өшпес ұлттық рухтың мекені. Бұл, енді, тіндес тарих, өнегелі өріс және сан мыңдаған балаларымыз бен әкелеріміздің табан ет маңдай терінің өтеуі, айшықты нысанасы. Тарих тек қана кешеден емес, бүгіннен де басталатынын ұмытпау керек. Жаңаөзен - жанды есім, оны тарих сахнасынан өшірудің қандай қажеттілігі бар!?
Өлкеміздің біртуар перзенті, ұлттық рухани мұрамызды жинақтаушы Қабиболла Сыдиықұлының «Бекет Ата» атты кітабында /«Арыс» баспасы, Алматы - 1994 жыл/ Ұлы баба Бекет Атаның аманат - өсиетін оқырманның назарына ұсынған. Онда, Пір Бекет бабамыз: «Қарқараға жандарың келіп, қашан қиын жағдайда қалғанша атымды атамаңдар. Ондай ауыр халде ауыздарыңа алсаңдар, әруағым жар болып жүрер,- деп көз жұмыпты».
/54 бет/.
Ал, осынша аманат - өсиетті аттап, Жаңаөзен атауын Бекет Ата есімімен ауыстыруға қандай саяси - әлеуметтік және рухани қажеттілік туып тұр?!

Екінші: Қазақ даласында төл атауын ала алмай төңірегіне жалтақтап отырған бір қала емес, өндірістік аймақтар бар екенін біз білеміз. Алайда, ішкі және сыртқы қажеттіліктердің салдары өркендеу мен өсудің мүмкіндіктері бұл мәселені күн тәртібіне шығарып отыр деп-ақ есептеп, қоғамдық келісіммен ағымның шырқын бұзбай  сақтана отырып ақылдасып көрейік.
Негізі біздің жан тілегіміз - Жаңаөзен атауының өз орнында қалуы!
Бірақ, ішкі жан түйсігімізде бәрі де басқаша болатын сияқты.
Үшінші: Пір Бекет есімі - бүкіл Исламға ортақ құндылық!
Ата рухына адал болу - имандылыққа тән ұлттық салт дәстүріміз бен өзіндік бет-бейнемізді жоғалтпайтын қоғам құра білуді көздейтін ұрпаққа сын және міндет. Ата есімі аяқ асты болмай қастерлі болу үшін әділ Құдай сүйген құлына екінің бірі ентелемейтін Оғландыдан орын берген. Дінтанушылардың
пайымына қарағанда,  Жаратқанның қалауынан және әулиелердің тілеуінен тыс ештеңе де болмайтын көрінеді. «Ұлық болсаң - кішік бол» - деген де бір сөз бар. Әулиелердің көкте - Құдайға, жерде - халқына жақын болатыны да, жанымызда бірге жүріп ғұмыр кешетіні де - сол ұлыларға тән кішілік пен кісіліктің, қарапайымдылықтың мәңгілік мәнге ие өнегесі.
Сондықтан, Атаның өсиеттерін екшеп оның рухани биік бітім - болмысымен есептесіп, іс - әрекет жасамасақ тірінің даңғазасы аруақтың ренішімен аяқталмасына кім кепіл?!
Маңғыстау елі: қан кешіп, қара жамылып талай-талай тарихтың аранына түскен сәттерде де құлазыған қу медиенге айналып, қағарға қазық, жерге азық таппаған кезеңдерде де, тіпті, әке баладан адасып күндікшілік күй кешкенде де Пір Бекетін ұмытпаған!
Кез-келген елдімекен мен қалалар өркендеу мен өшудің, жетілу мен жетімсіреудің, асқақтау мен құлдыраудың ащы дәмін татып жатады. Бұл - тарихи заңдылық, адамзатқа ортақ шындық.
Сондықтан бүгінгі өндірісі өркендеген аймақтың кезі келгенде Пір Бекеттің атына лайық бола алмайтын да сәттері болуы мүмкін ғой. Қала дегеніміз күнкөріс пен әлеуметтік және пендешілік сұраныстардың, саяси ойындардың қақпақыл добындай ұтыс пен ұтылыстың тұрлаусыз желісі мен тұрақты мекені ғой. Ал, әулиелер болса, Құдайдан да халықтан да бағасын алған тұрақты шындық пен ақиқаттың айнымас қазығы.
Пір Бекет: «Мені сыйлағандарың Шопан ата мен Оғландыға құрмет көрсетіп келерсіңдер» - деген емес пе?!  Олай болса, Пір Бекеттің өсиетіне адал болу үшін Шопан ата мен Оғландыға да бір-бір қаланың атын беруге тура келеді ғой.                             
Жаңаөзен қаласының атауы қалайда өзгеріске ұшыраған жағдайда біз, бір топ азаматтар төмендегі «ұсынысты» көпшіліктің назарына беруге мәжбүр екендігімізді ақпарат бетінде  жариялауды жөн көріп отырмыз.
«Маңғыстау» газетінің 30 қазан күнгі,  №182, 2012 жылғы санында жарияланған «Жаңаөзен қаласын Бекет Ата атымен атап, рухани орталыққа айналдырайық!» атты мақалаға орай осы хаттың толық нұсқасын Бекет Ата есімінің айналасында дау-дамай мен даңғазалық пікірсайыстың болмауы үшін және тыныштық пен бірлік-берекеміздің шырайы кетпеу үшін облыстық биліктің қаперіне сол күні ұсынғанбыз. Енді, жалпы оқырманға түбектің төл перзенттері ретінде өзіміздің азаматтық үнімізді ықшамдалған нұсқада жеткізгіміз келеді.

ҰСЫНЫС:

Дін исламның алтын арқау қағидаларында: Алланың алдында - құлының, ата-ананың алдында - ұлының шексіз қарыз бен парызға толы міндеттері бар екендігі айтылады. Мысалы: «Әке - Құдайдан кейінгі жаратушың», «Жұмаққа жол тек қана ананың аяғының астынан барады» - деген сияқты парасат пен пайымға азық пәлсапалардың абыздар жеткізген рухани мұрасы бар емес пе?!
О дүниеде Пір Бекет Атамыздың әруағы құрмет көріп, ата-анасының алдында ризашылыққа бөленуі үшін, Пір Бекеттей алыпты дүниеге әкелген Мырзағұл мен Жәниядай шешеміздің барлық перзентіне деген рухани ризашылығы үшін, Ұлы Бабамыз Пір Бекеттің туған топырағы,  Ата - Анасының мәңгілік  мекен еткен киелі қорымы - Ақмешітті кіші Меккедей құрмет тұтып, «Жаңаөзен» атауының орнына тарихи сабақтастықты ескере отырып «АҚМЕШІТ»  атауын  саралап, ой елегіне салып көруге болар еді. Ойланып көріңіздер!..
Қалай болғанда да, Пір Бекеттің есімін және әруағының тыныштығын қорғау басты мақсат!
«Ақ» - деген қазақ үшін, түбі бірге Түркі үшін барлық киелі ұғымның бастауы!
Ал, «Мешіт» деген - имандылықтың ордасы! Біз аңсаған тыныштық пен бірлік, береке мен жаңару қайнар бұлағын қарапайымдылық пен төзімнен алған имандылық жолындағы еңбек пен танымға тәуелді.
Баба рухына деген перзенттік құрмет пен рухани тәуелділігімізді қоғамдағы қақ жарылған  пікір сайыстан сақтау баршамыздың көтерер жүк, киелі міндетіміз!   Ұсыныс жасап отырған бастамашылардың бабалар есіміне деген құрметін өз жүрегіміздің аңсары мен арманының шеңберінде толық түсінетіндігімізді де айтқымыз келеді.
Алайда, орға жығылмай оңтайлы да ортақ шешім табу - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік саясат сахнасындағы үлгісі!
Күн тәртібіндегі мәселені төрт құбыласынан түгел қарап, игі іске мұрындық бола отырып, абыройлы шешімге қажет жерінде шегіне отырып жету де саяси үрдіс, нағыз басшыға тән қастерлі қасиет! 
Алланың ақ Бекетін - тұрмыстың тұтқынына айналдырмайық!

Құрметпен:

Досметов Нарбай - Бекет Атаның  алтыншы ұрпағы

Демеубергенұлы Қожахмет: Қазақстан Журналистер  одағының мүшесі,
«Маңғыстауда - Пір Бекет» 20 телешежіре авторы, 2010 жылдың «Жыл журналисі»

Бердәулетов Сүлеймен - Жоғрғы санатты ғалым - дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі

Тұяқов Александр - кәсіпкер

Сабыр Адай - ақын, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, Халықаралық Махамбет және Президент сыйлығының лауреаты

Аралбаев Данияр - қоғам қайраткері, сазгер

Иманов Мақсат - «Азия карт» директоры

Төремұратов Қынап - қоғам қайраткері

Аязбаев Шамғұл - жоғарғы санатты дәрігер
«Аbai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377