Бейсенбі, 8 Қазан 2026
Билік 3591 0 пікір 11 Мамыр, 2022 сағат 15:04

Қазақстан мұнай жолын әртараптандыруда

Қазақстан Қытай мен Еуропаға мұнай экспорттау бағыттарын әртараптандыруда. Бұл туралы  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

«Біз Қытайға және Еуропаға мұнай экспорттау жолдарын, оның ішінде түрік көлік дәліздерін пайдалана отырып, әртараптандыруды бастадық. Мұнай құбырларының өткізу қабілетін ұлғайту және Ақтау мен Құрық теңіз порттарын жаңғырту жұмыстары басталды», - деді Тоқаев сәрсенбі күні Түркияға сапары барысында.

Ол қазір Транскаспий халықаралық көлік бағытының рөлі айтарлықтай артқанын атап өтті. «Құрық теңіз порты Транскаспий дәлізіне қосылғаннан кейін Қорғастан Ыстамбұлға жүк тасымалдау уақыты бес есеге қысқарды. Бұрын 60 күнде келетін жүк қазір небәрі 13 күнде келеді», - деді Тоқаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 905
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1199