Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2517 0 пікір 7 Қараша, 2012 сағат 09:45

Қазақстанның казактары қай елдің азаматтары?

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының назарына!

Өткен жексенбіде Мәскеудің орталығында Ресей билігі рұқсат берген «Русский марш» атты митинг өтті. Оған сол елдің барлық импершіл, шовинистік күштері жиналып, «Россия для русских» деген ұрандарын сан рет қайталады. Бұл Ресейде, бөтен мемлекетте.

Есесіне, дәл сол күні Алматыда Қазақстан казактарының одағы ұйымының бастауымен «в честь праздника единения русского народа и в поддержку массовых шествий в Москве и других городах России - «Русский марш» деген желеумен рұқсат етілмеген митинг өткізілді. Заңсыз митингіге ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, 50-ден астам казактар қатысқан. Олардың алдына шығып сөйлегендердің қатарында Қазақстан халқы ассамблеясының белді мүшелері, Қазақстанның орыс қауымының басшысы Юрий Бунаков, Қазақстандағы казак ұйымдарының жетекшісі Юрий Захаров сынды атышулы персонаждар бар.

Митингіге шыққандар қолдарына он қайнаса да Қазақстанмен сорпасы қосылмайтын шовинистік тұрғыдағы плакаттарды ұстап, өздерінің Ресейді қолдайтындықтарын, қашанда Ресеймен бірге болатындықтарын, Ресей билігінің өзі ат-тонын ала қашқан митингіге қатысушылардың талаптарын қолдайтындықтарын ашықтан-ашық мәлім етті.

Біздің ойымызша казактар өткізген митинг - олардың қазақ мемлекетін, қазақ қоғамын мойындамайтындықтарының айқын белгісі. Бұл митингінің артында Ресей билігі мен елшілігі тұруы ғажап емес. Мұндай митингілер арқылы орыс-казак белсенділері еліміздің билігіне қысым жасап жатыр. Мақсаты біреу - соңғы кездері елімізде Кедендік және Еуразиялық одақ сияқты имперлік астары бар жобаларға қарсы қоғам тарапынан да, биліктің кейбір органдары тарапынан да айтылып жатқан сындарға қарсы наразылығын таныту.

Осыған орай Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына мынадай сұрақтарды ресми түрде жолдағымыз келеді:

1. «Верныйдағы Казак управасы ғимаратында» өткізілген шара Қазақстан Республикасының митингілер және де басқа бейбіт жиындарды өткізу туралы заңнамасына сай келе ме? Сол митингіні өткізуге билік органдары тарапынан ресми рұқсат берілді ме? Мұндай рұқсат етілмеген митингіні өткізу еліміздің заңнамасына сай ма? Егер заңсыз болса, оларға шара қолданыла ма? Мысалы, бүгін біздер қазақ тілінің мүддесі, Кедендік одаққа қарсымыз деп заңсыз митинг өткізсек сотталатынымыз айдан анық. Сонда казактар қазақтарға қарағанда айрықша сортты адам болғаны ма? Оларға неге заңда көрсетілген нормалар мен талаптар қолданылмайды?

2. Қазақстанның Конституциясы мен басқа да заңдық актілеріне сай елімізде рұқсат етілмеген әскери ұйымдар мен күштік құрылымдарды құруға тыйым салынған. Саяси ұйымдардың шетелден қаржыландырылуына да тыйым бар. Олай болатын болса, казактардың бөтен елдің әскери киімін киіп, бір емес, бірнеше ұйым құруына қандай негіз бар? Елімізде ондаған этно-мәдени ұйымдар тіркелген. Олардың біразының баянды әскери тарихы бар. Әскери өнер мен батылдық жөнінен қазақтар да ешкімнен кенде емес. Онда тек осы казактардың ғана әскери форма киіп, ел заңдарын бұзып, қазақтың қытығына тиіп, тайраңдап жүруіне не себеп?

3. Жоғарыда аталған персонаждар еліміздің билігі мойындаған, Қазақстан халқы ассамблеясы, кіші ассамблеялар сияқты конституциялық органдарының мүшелері. Барлығы да Қазақстан Республикасының азаматтары. Онысы рас болса, олар неге бөтен елдің сөзін сөйлеп, бөтен елдің экстремистік-шовинистік ұрандарын Қазақстанда таратып жүр. Сол бунаковтар, захаровтар Ассамблеяның «Қазақстандағы татулықты қолдаймыз, елімізде тыныштық керек» деген сан жүздеген мәлімдемелеріне, басқа да құжаттарына қол қойғандар. Әлде Ассамблеяның айтып отырғандары тек қазаққа ғана қатысты ма? Егер Ассамблея мүшелері осы ұйымның тіршілігі мен ұстанымдарына қарсы саясат ұстанатын болса олардың мүшелігі неге тоқтатылмайды? Ресми билік олармен неге ауыз жаласып, ойына келгендерін жасауға мүмкіндік береді?

Еліміздің баспасөз туралы заңнамасына сай, Бас прокуратура біздің бұл сауалымызға тиісті мерзімде жауап береді деп сенеміз.

«Abai.kz»

Дерек көзі - http://rmarsh.info/news14/miting-v-podderzhku-russkogo-marsha-v-kazaxstane.html

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443