Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 3018 6 пікір 17 Мамыр, 2022 сағат 13:13

ХҚКО-ға келген Лещенко немесе ЖСН беру қаупі...

Украинада соғыс басталғалы бері Ресейлік азаматтар өзге елге кетуді еселеп арттырған. Ресми статистика бойынша олардың саны 3,8 млн адамды құрайды. Олардың ішінде 204 мыңы Қазақстанға келген. 

Ел халқы қалалық ХҚКО-ларда қызмет алушы Ресейліктердің саны артқанын айтады. Басым көпшілігі ЖСН алуға жүгінеді. Күні кеше ғана Ресейлік танымал әнші Лев Лещенко Алматы қаласы, Медеу ауданындағы ХҚКО орталығына барған суреті желіде тарап, халық арасында қызу талқыға түсті.

Лев Лещенкоға қатысты қандай қызмет түрі көрсетілгені нақты айтылмады. Өйткені ол ІІМ ақпаратына сенетін болсақ, әр жеке адамның рұқсатынсыз айтылуға болмайтын ақпарат түріне жатады. Алайда ол азаматтық алу мәселесі бойынша жүгінбегені анықталды.

Қоғам қайраткері, "Серпін" бағдарламасының негізін қалаушы Мұрат Әбенов ХҚКО-ға келген Лев Лещенкоға қатысты жазба арнап, министр Мусинді бір бүріп алды.

"Кезінде саясаттан тыспын деп мәлімдесе де, кейін Қырымды басып алуды қолдаған Лещенко шын мәнінде сепаратизм мен Украина соғысын жақтаушының бірі. Министр Мусин мырза, Сіз біресе Сбер келісімін айттыңыз, біресе Ресейге "Боран" зымыран кемесін берейік дедіңіз. Ресейлік бағытқа деген қандай махаббат бұл? Қалайша ЖСН беру осындай деңгейге түсті және неге әрбір келушіге беріле береді? Ресми жауап беруіңізді сұраймын", - деп жазды ол.

Бағдат Мусин лезде жауап қатты. Ол өз парақшасына былай деп жазды:

"ЖСН-ді резидент емес адамдарға рәсімдеу - ЦОН-дар (“Азаматтарға арналған үкімет” фронт- офистері) арқылы көрсетілетін қызметтердің бірі. Бүгінгі таңда 600-ден астам қызмет ЦОН мен Егов арқылы көрсетіледі. Мурат Абенов жақсы білетіндей, қызмет көрсету нормативтік актілерге сәйкес жүргізіледі. Ал сол актілер қызмет көрсететін мемлекеттік органдарда жазылады, бекітіледі. Нақты бұл қызмет түрін Ішкі істер министрлігі атқарады. Біз еговта әлде ЦОН-дарда сол қызметті алу процесін жеңілдетеміз, рәсімдейміз.
Мұрат Әбенов шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауыңызды сұраймын!", - деді. 

Алайда желі қолданушылары мен қоғам белсенділері: "ЖСН алып, банк карточкасын жасату арқылы Ресейліктер санкцияны айналып өту жолдарын іздестіруде, осы арқылы олар Қазақстанға да санкция салдыруы мүмкін. Қазақстан жанама санкцияның астында қалуы ғажап емес", - деген ойда.

Ал сарапшылар "Қазақстанға санкция салынбайды, себебі Қазақстан Батыс салған санкцияларды айналып өтуге немесе бұзуға жол бермейтінін ресми мәлімдеген елдің бірі" дегенді келтіруде.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485