Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2024 0 пікір 8 Қараша, 2012 сағат 07:50

Ақпанбет Аршынұлы.Тарт қолыңды, пір Бекеттен!

Жаңаөзен қаласының атын ауыстыру мәселесі қоғамда үлкен дау тудырып, күн өткен сайын ала атын өгертуге қарсы азаматтардың қарасы көбейіп келеді.

Редакцямызға аталған жағдайға байланысты оқырмандардан хаттар келіп түсуде. Соның бірі - Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданның тұрғыны, 65 жастағы ақсақал Ақпанбет Аршыұлынан келіпті.

Төменде Жаңаөзен қаласының атауын Бекет ата есіміне ауыстырайық деп бастама көтерген Маңғыстау облысының ақсақалдарына Оңтүстік Қазақстан облысының ақсақалы Ақпанбет Аршынұлының үндеуін беріп отырмыз.

«Abai.kz»

Бұл үндеуім, Бекет пірдің есімін саяси ойыншыққа айналдырғысы келетіндерге арналады

«Жаңаөзен қаласына Бекет ата есімін берейік!» деген шалдар шығыпты. Олардың дауысы бұған дейін неге шықпады? Оларды қай сона шағыпты? Бұған дейін сол қаланың мәселесін шешуге болмаса ақсақал болып жастарды ауызына қаратуда қайда жүрді? Қай отарын, қай үйірін бағып жүрді? Артымен сүңгіп, сасқандардың айтқандарына делдал болатындай, бастарыңа не күн туды? Немене пір Бекеттің, бап Арыстанның не пайғамбар Мұхаммедтің есіміне қала бергізуге бұған дейін ауыздарыңды біреу буды ма?! Түстен кейін маңырайтын тұсақ қой секілді... жастарымыз болса анау, әсіре исламданып, миғұла мұсылманданып кеткені... Соны айтып, бұдан 10 жыл бұрын билікке бастама жасауға кім кедергі болды?

О заманда, бұ заман, қаланың не даланың атауын пірге, пайғамбарға, қалпеге, имамға, қожа мен молдаға берген қазақты қайдан көрдіңдер? Әлде сендер де поп  пен шоқынған әкей болуды аңсай бастадыңдар ма? Одан да елдің сол тұсындағы қақпа болып тұрған екі қаланың атауынан өгей діндарлардың есімдерін неге аластауға бастама көтермейсіңдер?

Төрлеріңнен көрлерің жуық, Бекет атаның атын саясаттың шұлғауына айналдырудан басқа ойларың мен естеріңе ештеңе келмеді ме? Әлде есі кеткен әкім-қараның қолқасы танау жібіте ме?! Доғарыңдар, ұлттың бетке ұстарын шуаш аяқтарыңа орауды! Тарт қолыңды, қазақтың қадыры мен қасиетінен! Саяси сандалу мен сенделуге араласатындай, қазақтың күні сендерге түсіп тұрған жоқ.

Ұлтты бар байлықтан жұрдай қылғандардың енді рухани барымызға қол сала бастағаны, қай сасқаны?! Оған жол берілмейді! Осыдан 4-5 жыл бұрын Қанат Саудабаев деген мемлекеттік хатшының ономастикаға мораторий жариялап, ешкімді тыпыр еткізбеген құзырын кім алып тастай қойды? Қапелімде неғып қазақтың пірін көксей қалдыңдар?  Жаңаөзеннің бар мәселесі,бар дауы Бекет пірдің есіміне қарап тұр ма екен?

Сансырамаңдар, сандалмаңдар! Тарт қолыңды пір Бекеттен, өңкей қырт!

Ақпанбет Аршынұлы. 65 жастағы зейнеткенр

Созақ ауданы

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5492