Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2561 0 пікір 19 Мамыр, 2022 сағат 20:46

Мәжіліс депутаттары халықты референдумға белсене қатысуға шақырды

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері  Снежанна Имашева, Мәлік Құлшар және Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған Аветик Амирханян құрылыс материалдарын өндіретін «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» зауытында болды.

Халық қалаулылары зауыт қызметкерлеріне Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын түсіндіріп, алдағы референдумға белсенді атсалысуға шақырды.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Референдум –Жолдауда жарияланған реформаларды халықтың таңдауымен жүзеге асыру.  Мемлекет басшысы әрқашанда азаматтарды шешім қабылдауға белсенді қатысуға шақырып келеді. Конституциялық өзгерістер бойынша енді аралас сайлау жүйесі арқылы партияға мүше емес азаматтар да Парламентке сайлана алады. Егер референдумда дауыс берушілер осы өзгерістерді қолдаса, онда біз Президент айтқан жаңа, әділетті Қазақстан құруға мүмкіндік аламыз. Бұл – еліміздің дамуы үшін маңызды қадам, – деді Снежанна Имашева.

Ал депутат Құлшар Мәлік еліміздің болашағы әрбір азаматтың таңдауына байланысты екеніне назар аударды.

Депутат Аветик Амирханянның айтуынша референдум әрбір адам үшін өзінің азаматтық ұстанымын көрсетуге мүмкіндік береді.

– Конституция мемлекеттің ең басты құжаты. Оған енгізілетін өзгерістерде қазақстандықтардың пікірі айрықша маңызды, – деді ол.

Одан әрі кәсіпорын қызметкерлері толғандырған сұрақтарын қойып,  ұсыныстарын жеткізді.

Депутаттар жиналғандардың әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» – Қазақстандағы полиэтилен трубаларын өндіретін облыстағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Өндірістік кешен 12 цехтан тұрады.

Кәсіпорын жылына 37 500 тонна полиэтилен өндіреді. Қазақстанды қамтамасыз етумен қатар, Ресейге, Өзбекстанға, Қырғызстанға тасымалдайды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454