Башар Асад Сириядан кетпейтінін айтады
Сирия президенті Башар Асад елді тастап, биліктен кету ниеті жоғын мәлімдеді.
Ресейлік Russia Today телеарнасына берген сұхбатында Асад "Мен қуыршақ емеспін. Батысқа кететіндей мені Батыс немесе басқа ел жаратқан жоқ. Мен сириялықпын және Сирияда өмір сүріп, осында өлуге тиіспін" деді.
Башар Асад бұған қоса Батыс елдері Сирияға басып кіреді дегенге сенбейтінін айтады.
Ал Сирия оппозициясы қайта жасақтала бастады. Ірі оппозициялық топ - Сирия ұлттық кеңесі Катарда оппозицияның жаңа бас хатшылығын сайлады. Оның құрамына 40 адам кіреді. Олардың үштен бірі исламшыл топтардың өкілдері. Бүгін АҚШ-тың қысымымен хатшылық қуғындағы Сирия үкіметін жасақтау үшін басқа да оппозициялық топтармен келіссөздер бастамақ.
Ұлыбританияда орналасқан Сирия адам құқықтарын қорғау ұйымының соңғы дерегі бойынша, қақтығыстар басталғалы бері Сирияда 37 мың адам қаза тапқан.
Дереккөз: azattyq.org