Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2616 0 пікір 9 Қараша, 2012 сағат 14:17

Мемлекеттік мерекелерге байланысты желтоқсанда қазақстандықтар барлығы 6 күн демалады

Желтоқсан айында қазақстандықтар мемлекеттік меркелер кезінде барлығы 6 күн демалады.

«Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады.

Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.

Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады», - деп көрсетілген «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның 5-ші бабында.
ҚР мемлекеттік және ұлттық мерекелер тізіміне сай Қазақстанның тұңғыш президентінің күнін 1 желтоқсанда және республиканың тәуелсіздік күнін 16 желтоқсанда тойлайды.

«2001 жылғы 13 желтоқсандағы «ҚР-дағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының заңына келесідей толықтырулар енгізілсін: 3-ші бабын тоғызыншы келесідей абзацпен толықтырылсын: «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні», - делінген 2011 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР заңына толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының 1-ші бабында.
2012 жылғы 1 желтоқсан сенбіге сай келетін болғандықтан мерекелер туралы заңғы сай, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін сенбі демалыс күні, сондықтан демалыс дүйсенбіге, 3 желтоқсанға шегеріледі. Олар үшін 1, 2 және 3 желтоқсан демалыс күндері деп саналады. Аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 1 және 2 желтоқсанда ғана демалады.

«1. Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыстың ерекшелігі ескеріле және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығы сақтала отырып, жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

2. Өндіріс сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу қисынсыз болатын ұйымдарда бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді», делінген ҚР еңбек кодексінің 81-ші бабында.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР заңының 2-ші бабына сай 16 желтоқсан ұлттық мереке болып табылады.

Заңда «16 желтоқсан тәуелсіздік күні ҚР ұлттық мерекесі болып табылады», - деп айтылған.

2012 жылы 16 желтоқсан жексенбіге келеді, заңға сай, демалыс сейсенбіге, 18 желтоқсанға шегеріледі. Сөйтіп 16, 17 және 18 желтоқсан демалыс күндері.

Дереккөз: ҚазТАГ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499