Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2012 0 пікір 9 Қараша, 2012 сағат 14:24

Қазақстан Ресейден Дағыстанда өлтірілген содырдың азаматтығы туралы ақпарат күтіп отыр

ҚР сыртқы істер министрлігіне (СІМ) Ресей жағынан Дағыстанда өлтірілген содырдың азаматтығы туралы ақпарат әзірге түскен жоқ, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметінің басшысы Ілияс Омаров агенттікке.

«Бізде әзірге олардан (Ресей жағынан) келуге тиіс (Дағыстанда өлтірілген содырдың азаматтығы туралы - ҚазТАГ) ақпарат жоқ. Біз РФ-ның антитеррористік комитетіне (өлтірілген содырдың) құжаттарының көшірмесін тексеру үшін бізге жолдауларын сұрап сұраным жолдадық», - деді ол жұма күні агенттік тілшісіне жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Қазақстанның РФ-дағы елшілігі бұл сұранымды «оперативті түрде жіберген».

Еске сала кетейік, ресейлік «КоммерсантЪ» газетінің Ресейдің тергеу комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасап жариялаған материалында Дағыстанда өлтірілген содырлардың бірі - қазақстандық Вадим Кадымов - Ақтау қаласының тумасы.

«2012 жылдың 4 тамызында Кадымов әйелімен және ұлымен Ақтаудан Дағыстанның Ахтын ауданына досының тойына келген. Қазақстандық содыр әкесіне Ақтауға қайтуға билет болмағандықтан, үйге орала алмағанын айтқан. Алайда оперативті қызметкерлердің мәліметтеріне сәйкес, той үстінде оны Дағыстанның Магарамкент ауданының Совесткое ауылының тұрғыны үгіттеген», -  делінген мақалада.

Газеттің ақпаратына сәйкес, көп ұзамай В. Кадымов содырларға қосылған.

Өткен аптада Дағыстанда күш құрылымдарының қызметкерлері қылмыскерлер тобын жою бойынша арнайы операция өткізу барысында екі содыр мен бір әйелді өлтірген. Ресейлік БАҚ-тардың хабарлауынша, өлтірілген содырлардың бірі Қазақстан тумасы болып табылады.

Дереккөз: ҚазТАГ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499