Алматыда қалтаға түсетін ұрылар мен пәтер тонаушылардың фотосуреттері қоғамдық көліктерге ілінеді
Алматы полициясы қалтаға түсетін және пәтер тонайтын әлеуетті ұрылардың фотосуреттерін қаланың қоғамдық көліктеріне іліп қоятын болды, деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
«Бастапқы кезеңде бұл ерекше әрі тиімді шара Алмалы ауданында қатынайтын автобустарды, трамвайлар мен троллейбустарды қамтиды, бұл ауданның тәртіп сақшылары қалтаға түсетін және пәтер тонайтын ұрылардың көбейіп кеткенін айтып, алаңдап отыр. Сондай-ақ, Алмалы ауданында оқу орындары көп орналасқан, қалта ұрыларынан ең көп зардап шегетіндер де солар», - делінген ІІД-нің жұма күні таратқан ақпаратында.
Алмалы ауданы ІІБ бастығы Талғат Сейілхановтың айтуынша, қоғамдық көліктерге көлемі 60х40 сантиметрлік плакат ілінеді, онда пәтер тонайтын және қоғамдық орындарда ұрлық жасаумен айналысатын адамдар туралы ақпарат жазылады.
«Біздің ойымызша, бұл пәрменді алдын алу шарасы, ол байқамай қылмыскерлер үшін өздері қолайлы жағдай жасайтын азаматтарымыздың қауіпсіздік туралы позицияларын өзгертуі мүмкін. Біз 500-ден аса үгіт плакаттарын басып шығардық. Олар қоғамдық көліктерге ғана емес, тұрғын үйлердің кіре берістеріне де ілінеді», - деді ол.

Бұдан басқа, аудандық ІІБ пәтер тонаушылықтарының алдын алу бойынша 50 мың жаднама әзірлеп, басып шығарған. Полицияның мәліметтеріне сәйкес, бұл кітапшалар жақында қаланың шалғай аудандары мен тұрғын үй массивтерінің тұрғындарына таратылады.
Дереккөз: ҚазТАГ