Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 2244 6 пікір 24 Мамыр, 2022 сағат 14:20

165 млрд доллар: Қазақстан қарызға батып барады

Қазақстанның сыртқы қарызы жылдан-жылға өсіп барады. Ұлттық банктің берген ақпаратына қарасақ, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша еліміздің сыртқы берешегі 165 млрд АҚШ долларына жеткен.

2021 жылы қаңтар айында сыртқы қарыз көрсеткіші 160,9 млрд доллар болса, 2020 жылы 152,7 млрд долларды көрсеткен. Атап айтсақ, сыртқы борыштың басым үлесі тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді игеруге тиеді екен. Ол - $86,1 млрд-қа жеткен.

- Мемлекеттік басқару және қорғаныс саласының сыртқы қарызы 14,2%-ға артып, $15,8 млрд-қа;

- Қаржы және сақтандыру саласының сыртқы қарызы 37,5%-ға өсіп, $11 млрд-қа;

- Құрылыс саласының қарызы 24,6%-ға артып, $4,3 млрд-қа;

- Өңдеу өнеркәсіп саласының қарызы 8%-ға өсіп $12,5 млрд-қа;

- Көтерме және бөлшек сауда саласының қарызы 8,2%-ға көбейіп, $9,3 млрд-қа;

- Сумен қамтамасыз ету саласы 17,5%-ға, өсіп, $184 млн-ға жеткен.

Шетелге заңсыз шығарылған қазақ ақшасы қанша?

Қазақстанның шет елдерге берер қарызы қаншалықты болса, елімізден заңсыз шығарылған қаржының сомасы да соған сәйкес келеді. «Tax Justice Network» халықаралық ұйымының мәліметінше, Қазақстаннан 25-30 жылда 140-160 миллиард ақша шығарылып, офшорға жасырылған. Бүкіл елдің  жылдық ЖІӨ мен оның сыртқы борышына тең келетін сома шетелге белгісіз жолдармен шығарылған.

Бұл туралы: «Кейбір ақпарат бойынша, ҚР Құқық қорғау органдары соңғы бес жылда капиталды шетелге заңсыз шығару фактілері бойынша 200-ден астам іс қозғаған. Алайда, елге кез-келген елеулі соманың қайтарылу не қайтарылмауы белгісіз», - деген еді мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов.

Оның айтуынша, заңсыз ақша тапқан шенеуніктер туралы бейресми ақпараттар бар, бірақ нақты дәлел жоқ. Олардың көпшілігі туыстарының атына жазып қояды. Ақшаны алған адамнан қайтарып алу қиын. Ұры заңды айналып өтудің, керек десе, 100 жолын табады. Офшордағы ұрланған ақшаны қайтару қиын, ал, мемлекет қарызға батып барады.

Сарапшы Арман Бейсембаев осы уақытқа дейін билік басындағылар офшордағы ақшаларды жәй ғана білмеген сыңай танытып келгенін айтады.

«Ақша әртүрлі сылтаулармен экспортталды. Капитал қозғалысын бақылау жақында енгізілді. Бұған дейін сен өзіңнің банктік шотыңнан валютаның кез келген көлемін жібере алатын едің және саған бұл жөнінде ешқандай сұрақ қойылмайтын. Сондықтан Қазақстанның жылдық ЖІӨ-іне тең қаражаттың елден сыртқа шығарылғаны таңқаларлық жағдай емес. Жоғарыдағылар оны білмей қалды деу аңқаулық болар. Олар бармақ басты, көз қыстымен рұқсат беріп отырды», - дейді Арман Бейсембаев.

Айжан Темірхан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377