Қазақстан: Ресейлік банктерде 9,2 млрд теңге бұғатталды
Ресей банктеріне санкция салынғандықтан, Қазақстанда орналасқан Ресейдің еншілес банктеріндегі тұтынушылардың 9,2 млрд теңгесі бұғатталып қалды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (АРРФР) төрайымы Мәдина Әбілқасымова хабарлады.
"Санкциялық талаптар аясында жекелеген шетелдік банктер "Сбербанк", "Альфа-Банк" және "Банк ВТБ (Қазақстан)" шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарын бұғаттады. Осының нәтижесінде, банктер шотындағы жалпы сомасы 9,2 млрд теңге (Сбербанк – 2, 7 млрд теңге, Альфа-Банк – 6,2 млрд теңге, Банк ВТБ - 300 млн) құлыпталды, - деді Әбілқасымова
Ол сондай-ақ "Сбербанктің" жеке тұтынушыларының 2,9 млрд теңгесі, "Альфа-Банк" тұтынушыларының 3,9 млрд теңгесі бұғатталғанын атап өтті.
Оның айтуынша, "Альфа-Банктің" жаңа акционері атанған "Банк ЦентрКредит" банкті АҚШ пен басқа да бірқатар елдердің санкция тізімінен шығару бойынша іске кіріскен.
"Банк ВТБ (Қазақстан)" тұтынушыларының төлем және аударым операциялары шеңберінде қаржысын бұғаттау фактілері жоқ", - деді Әбілқасымова.
Abai.kz