Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2037 0 пікір 12 Қараша, 2012 сағат 08:52

Үндістанда 50 мас піл елді мекенді ойрандады

50 орасан үлкен жануар алкогольді сусын іздеп, жергілікті тұрғындардың үйлерін қиратты, деп хабарлады Интерновости.ру.

Үндістандағы Думуркота елді мекені 500 литрге жуық алкоголь ішіп масайған пілдердің шабуылына тап болды.

Пілдер табыны тамақ іздеп, елді мекеннің маңндағы күріш және шай плантацияларында жайылып жүрді. Алайда оларды жақын маңдағы дүкеннен шыққан жергілікті алкогольді сусын иісі өзіне тартты. Иіске еліткен пілдер дүкеннің быт-шытын шығарып, 18 бөшке қолдан ашытылған спиртті ішіп қойды. Спирттің қызуы бойына жайылған мас пілдер естерінен танып, елді мекеннің тас-талқанын шығарды: үш үйді ойрандады, егістік алқаптарын жайпады. Оларды тоқтатуға полиция күштері шақырылды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, пілдердің жайылатын өрісінің жолы ауыл маңынан өтетін. Ашыққан жануарларды алкоголь иісі қызықтырған. Полицейлер оларды саумалап, әрең дегенде табынға қосты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4140