Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3372 0 пікір 13 Қараша, 2012 сағат 08:34

Мәмбет Қойгелдиев. ҰҚК-дегі жабық мұрағаттар айналымға тартылмай, қазақтың тарихына байланысты тарихи шындық ашылмайды

Профессор Мәмбет Қойгелдиев:

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

Мәриям ӘБСАТТАР. Ашаршылық мәселесіне тоқмейілсіп қарауға болмайды

Профессор Мәмбет Қойгелдиев:

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

Мәриям ӘБСАТТАР. Ашаршылық мәселесіне тоқмейілсіп қарауға болмайды

«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен қазақ даласында қолдан жасалған ашаршылықтың ащы шындығы әлі күнге ашылмай отыр. Мұндай пікірді біз емес, осы зұлмат жайлы зерттеген кәсіби тарихшылардың өзі айтуда. Таяуда Астанада ашаршылық туралы конференция болып өтсе, Алматыда да ол өз жалғасын тапты. «1930-32 жылғы ашаршылық және ұлттық элита» тақырыбында өрбіген дөңгелек үстелді «Алаш жолы» қоғамдық қоры ұйымдастырған.

«Жылқының қиынан сұлы жинау, өл­ген мал­дың терісін жеп қою оқиғалары жиі кез­деседі. Соңғы кездері тіпті адам етін жеу туралы сөздер жиі таралып кетті. Аудан­дық атқару комитеті берген мәлімет бо­йынша, екі тұтқын әйелді алып келген­де, ше­лек­терінде пісірілген адам еті бар болып шық­ты. Тергеп-тексеру барысында бұл адам­дар­дың ұдайы молаларды ар­шып, мүрде­лерді қорек ететіндіктері бел­гілі болған».

Бұл - ашаршылық жылдарында төмен­гі жақтың жоғарғы жаққа берген есебінен алынған үзінді. Жантүршігерлік осындай та­рихи фактілердің шет жағасы ғана ашыл­ғаны болмаса, бүгінде біз білмейтін жақ­тары өте көп болса керек, соның бәрін есепке алмаған күннің өзінде ұлт тарихы үш­ін ең маңызды бір мәселе - ашаршылық ке­зінде қанша қазақ қырылғандығы жө­нін­де нақты фактіні анықтау. Қазақ тарих­шы­ларының ішінде ашаршылыққа тоқтал­ған­дары аз болмаған, академик Манаш Қо­зы­баев, демограф Мақаш Тәтімов, Мәм­бет Қойгелді, Талас Омарбеков, Қай­дар Алдажұманов сынды есімдердің ерек­ше айтылып, осы тарихи кезеңдерді зерт­теу­де алдыңғы шепке шығарылатын жөні бар. Жарайды, бұл - бөлек әңгіме, одан бұ­рын біз ХХ ғасырдағы осынау нәубеттің зерт­телу барысындағы қиындықтарға тоқ­та­лалық.

Талас ОМАРБЕКОВ, тарих ғылымының докторы, профессор:

- Ең қызығы, бүгінде аштық жайлы ай­тып жүргендердің көбі сол кезеңді зерт­теп, көз майын тауысқан кәсіби та­рих­шы, мына біздер емес, тарихқа кез­дейсоқ келгендер. Себебі біз әлі «міне, мынау нақты факті» дерлік дерекке қол жет­кізе алмай жүргендіктен, халықтан ұялып жүрміз. Алайда қазір қарасақ, аш­ар­шылықта құрбан болған мал мен жан­ның сандық көрсеткіштері жөнінде әркім әртүрлі дерек ұсынып, елді жаңыл­дыруға кірісіпті. Солардың бірі, соңғы кездері Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тарихына кіріскен шетелдік ғалым Ро­берт Конкрес аштықта 1 млн қазақ қы­рыл­ды десе, Йосифовтар 1,5 миллион, ал одан әріректе азулы тарихшы ағамыз Ма­наш Қозыбаев пен демограф Мақаш Тәтімовтер бұл көрсеткішті 1 миллион 750 мың деп көрсеткен болатын. Бұл жерде айтпағымыз: осындай бірізділік жоқтығынан халық қазір кімге сенерін білмейді. Оқулықтар дұрыс емес, содан келіп біз ҰБТ тапсырушы ұрпақты қиын­дыққа салып жүрміз. Сондықтан біз қан­дай да бір тарихи кезеңімізге жай қара­мауымыз керек. Өйткені тарихтың дамы­май отыруының бір себебі - біздің сол нақ­ты дәлелдер мен дәйектер, яғни құ­жат­тар емес, болжамдарға иек артуы­мыз­дан дер едім.

Сонымен 1930 жылдардан басталған аштық тұсында қанша халық қырылды де­генге келсек, тарихшы Талас Омарбеков ол үшін ХХ ғасыр басында қазақтың саны қан­ша болғанын, шетелге қаншасы қоныс аударуға мәжбүр болғанын - барлығын ес­епке алу керектігін айтады. Сөйтіп, өзінің мұрағаттарда отырып, тапқан материал­да­ры бойынша және басқа да тарихшы ма­мандардың келтірген мәлеметтерімен салыстыра келе, мынадай сандық дерек­тер­ді алға тартады: 1930 жылы ауылда тұра­тын қазақтар саны 5 млн 873 мың деп көрсетілсе, қалада 732 мың қазақ тұраты­ны анықталған. Содан аша тұяқты сыпы­рып алып, қазақ даласын жаппай аштық жай­лаған 1932 жылы ауыл халқының саны 2 млн 493 мыңға дейін кеміп кеткен. Осы есеппен, шамамен алғанда 3 млн 379 мың адам қырылған болып шығады екен. Ал енді «жоқ, сонша қырылуы мүмкін ем­ес, қалаға кетіп қалды» деген сөз тумас үш­ін сол тұстағы қала халқын санасақ, ол 1 млн 218 мыңды құраған. Бұл жерде есте ұстай­тын бір жайт - ауылдан қалаға ағыл­ған, не жұмысы, не баспанасы жоқ босқын қазақтарды ешкім еш жерге тіркемегендігі. Ал, жалпы, бұл деректі тарихшы сол тұста қазақтарға патша үкіметінің салық салу үшін жүргізген мал санағына қарап алған. «Себебі олар малмен бірге олардың иеле­рі, яғни қазақтардың да санын тіркеп оты­ру­ға мәжбүр болған. Демек, бұл - бірден-бір дұрыс дерек», - дейді Т.Омарбеков.

Сонымен, жалпы, ХХ ғасыр басындағы ашаршылықта барлығы қанша қазақ қы­рылды дегенде, бір нақты санға тоқталып, оны 3 млн 379 мың деп тоқталар болсақ, онда біз тағы бір нәрседен жаңылады ек­ен­біз. Себебі атамекенін аштық жайлауы салдарынан шетел асып кеткен қазақтар болды ғой? Олай болса, солардың нақты санын анықтап, аталған санаттан алып тас­тауымыз керек. Қытай 1931 жылы өз ел­де­ріне аман-есен өткен қазақтарды есепке алған, біріншіден, арзан жұмыс күші ре­тін­де, екіншіден, еріктілеріне «паспорт» бе­ру үшін. Бұл ретте де деректер әртүрлі болса керек. Мәселен, Қайдар Алдажұ­ма­нов пен Талас Омарбековтердің ҰҚК-нің құпия мә­лі­меттерінен алған дерегі бо­йын­ша Қытай­ға 72 000 қазақ өтсе, демограф Мақаш Тә­ті­мов оны 100 мың деп дөңге­лек­теп алып жүр. Бірақ демограф ағамыз бұл рет­те ар­ғы бетке жете алмай, шекара­да қырылған қазақтарды қосса керек, сон­да, шынында, шамамен 100 мың шығады екен. Батыс­тық тарихшылардан Роберт Кон­крес Батыс Қы­тайға қашып кеткен қа­зақ­тар 200 мың десе, Поляков, Верон­ская секілді Ре­сей та­рих­шылары 1 млн 300 мыңдай деп жаза­ды. Ендеше, бастапқы 3 млн 379 мың­нан осы Қытайға өтіп кеткен - 1 379 000-ды алып тастасақ, сонда аш­ар­шылық ке­зін­де қырылған қазақтың са­ны шамалап шыға­ды, ол - 2 млн 200 мың адам!

Ендеше, осындай тарихи шындыққа жа­қын деректер неге оқулықтарға енгізіл­мей келеді? Бұған, біріншіден, тарихшы­ла­ры­мыздың әлі күнге бүгежектеп, тарихи шындық тұрғысынан бірауызға келе алма­уынан болса, екіншіден, әлі де болса аш­ар­шылық, жалпы, қазақтың ХХ ғасыр ба­сындағы тарихына қатысты құжаттардың жабық құлып астында құпия қалып отыр­ған­дығында болса керек.

Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, тарих ғалымының докторы, профессор:

- Біз тарихшылар түрлі конферен­ция­ларда бас қосамыз. Бірақ бір нәрсеге шамамыз келмей, айта алмай келе жа­тырмыз, ол - ҰҚК жабық архиві мәсе­ле­сі. Мен 20 жылға жуық ҰҚК-нің архивін­де отырып, ХХ ғасыр басындағы сот про­цестері, әсіресе қазақ саяси элитасы­ның іс-материалдарын зерттеген адам­мын. Бірақ ол жерде зерттеушілерге бер­мей отырған құпия материалдар бар, ол - кеңестік жүйеде жазылған қо­ры­тынды анықтамалар. Бұл - бір, екінші бір мәселе, Голощекин кеткеннен кейін 1933 жылы оның орнына Мирзоян келді де, ол Қазақстанның барлық облысында комиссия құрды. Құрамында облыстық партия комитетінен, облыстық атқару комитетінен мамандар кіретін комис­сия­ның мақсат-міндеті ең бірінші кезек­те әрбір қазақ ауылы, колхоз-совхоз­да­ры мен қалаларында аштыққа дейін адам саны, мал басы, егіс көлемі қанша болды, аштықтан кейін қаншасы қалды деген мәселені анықтау еді. Сол факті­лер мұрағаттарда сақталуы керек, енде­ше, біз осы мәселе бойынша зерттеу то­бы ма, бәлкім, орталық құрсақ дұрыс бо­лар еді. Мүмкін, сол материалдар та­бы­лар ма еді?.. Бұрынғы кезде тарихшы­лар бірдеңе жаза бастаса, «Мәскеу не ай­тып жатыр, қандай саясат ұстанып отыр, соған қарай бағыт ұстаныңдар» деп, содан біз әбден жалтақ болып қал­ған­быз. Қазір де Мәскеу бізге әлі де сон­дай ықпал жасағысы келеді-ақ, бірақ қазір қауіп одан гөрі, басқалардан төніп тұрғандай. Бізде Тәуелсіздіктен кейін ағылшын тілін білетін жаңа зерттеуші­лер қалыптаса бастады. Солар батыстық зерт­теушілерді аспанға көтеріп, дәріптеп бағуда. Осы ретте мен бір нәрсені айт­қым келеді, Генрих Гейне деген неміс ақы­нының шығармашылығы жайлы Ф.Энгельс кезінде: «Поэзия Гейне по срав­нению с нашей прозы детские шут­ки», - дейді. Ол арқылы Энгельс нені тұс­палдап тұр, ол К.Маркс еңбектерінің ру­хын жоғары қойып тұр. Бұл жерде айта­йын дегенім не? Сол Р.Конкрес, М. Тьери секілді қазақ тарихын зерт­теу­ші батыс­тық ғалымдардың жасаған еңбек­тері біздің Ұлттық қауіпсіздік коми­тетінің мұ­ра­ғатында жатқан мате­риал­дардың жа­нында әншейін бол­машы бір нәр­селер ғана. Ендеше, бір сөзбен айтқан­да, Ұлт­тық қауіпсіздік комитетіндегі жабық мұ­ра­ғат, құжат­тық материал­дар айна­лым­ға тартыл­май, ХХ ғасыр­дағы қазақ тари­хындағы шындық еш­қа­шан ашыл­майды.

Түйін

Осындай төрелік сөз айтылып, өрелі мәселелер қозғалған дөңгелек үстел басына жиналғандар арасында жоғарыда аты аталған Т.Омарбеков, М.Қойгелді және Қ.Алдажұманов, Б.Қойшыбай сынды тарихшылармен қатар, қоғам қайраткері Жұмабек Ашуұлы, саясаттанушы Әзімбай Ғали мен Айдос Сарымдар болды. Жиында тарихи шындықтың ашылмай жатуы қазақтың рушылдық дертінен айыға алмай жүргендігі баса айтылды.

Қалай десек те, тарихшыларымыз тірнектеп жинайтын, зерделеп зерттейтін дүниелер әлі алда. Ал ашаршылық сияқты халқымыздың тарихи ақтаңдақтарына тоқмейілсіп қарауға болмайды.

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498