Жұма, 22 Қараша 2024
2680 0 пікір 2 Маусым, 2022 сағат 16:24

Боранбаевтың тағы бір меншігі мемлекетке қайтарылды

 

 

Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы, олигарх Қайрат Боранбаевқа қатысы бар делінген  "Фитохимия" кешені мемлекет меншігіне қайтарылып беріледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

"Бұрын Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген" Фитохимия" ғылыми - өндірістік кешені мемлекеттік меншікке қайтарылады", - деді министр.

Оның айтуынша, институттың маңызы әлеуеті зор.

"Ішкі аудит қызметін тексеру мәміленің мемлекет үшін тиімсіз екенін көрсетті, мүліктік кешеннің құнын бағалау, бөліп төлеуді ұсыну бойынша мәселелер туындады. Сондықтан мемлекет меншігіне қайтаруға бастамашылық жасалды. Тиісті құжатқа қол қойылды, қажетті рәсімдер жүргізілуде. Қарағандыдағы саябақ жер телімінің бір бөлігін қалалық орталық саябақтың бір бөлігі ретінде мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қарастырылуда", - деді Аймағамбетов.

Айта кетейік, Қарағанды фармкластерінің құрамына Қайрат Боранбаевтың бақылауындағы Қарағанды фармацевтикалық зауыты кіреді.

15 наурызда Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Боранбаевты ұстады.16 наурызда ол Нұр-сұлтанға жеткізілген болатын. Ал, 14 сәуірде соттың "AlanParking" ЖШС директоры Мұхтар Базарбаевты қамауға алуға санкция бергені белгілі болды.

AlanParking - Боранбаевтың иелігіндегі "RR2" ЖШС бақылауындағы ақылы тұрақ операторы. 18 сәуірде Қайрат Боранбаевқа қатысы бар "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры Марат Прінбеков қамауға алынды. 25 сәуірде Боранбаев фирмаларының бақылауында болған Алматының бірнеше ақылы автотұрақтары мемлекетке қайтарылып берілген болатын.

Қайрат Боранбаев – «Қайрат» футбол клубының иесі, Қазақстан Республикасы паралимпиада комитетінің президенті, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің (ҰОК) паралимпиадалық спортты дамыту жөніндегі вице-президенті, УЕФА адал ойын және әлеуметтік жауапкершілік комитетінің мүшесі.

Сонымен қатар ол «Fitnation» фитнес клубының, «Рахат Палас», «Comfort Hotel Astana» қонақ үйлерінің иесі, «Esentai Mall», «Esentai Tower» бизнес орталығын, «Алмалы» сауда орталығын, Латвиядағы «Jurmala Golf Club & Hotel» қонақүйін серіктесімен бөлісіп басқарады. «McDonalds» тамақтану орнының Қазақстандағы және Ресейдегі франчайзинг иесі.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5289