Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2410 1 пікір 2 Маусым, 2022 сағат 16:39

«Тарақ таңбалы тарлан» атты Халықаралық жыр мүшәйрасының ережелері

Қабылиса Асанұлының (ҚАБАН ЖЫРАУ) өнегелі өмір жолы мен ұлағатты шығармашылығын насихаттау мақсатында дайындалған «ҚАБЫЛИСА. ҚАБАН ЖЫРАУ. ТАРАҚ ТАҢБАЛЫ ТАРЛАН» атты танымдық кітаптың жарық көруіне орай "ASPAN" баспасы Қабылиса Асанұлы ұрпақтарының (Бейсенов Аманбай Нұрғалиұлы әулеті) қолдауымен ұйымдастырылған «ТАРАҚ ТАҢБАЛЫ ТАРЛАН» атты Халықаралық жыр мүшәйрасын жариялайды.

МҮШӘЙРАНЫҢ МАҚСАТЫ:

Жампоз жыраудың ғұмыры мен шығармашылығын таныту мен тарату, ұлы тұлғаның баһадүр болмысы мен терең тағылымдарына тағзым ету, Қазақ Елінің тәуелсіздігі мен тұтастығын дәріптеу, Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру мен рухани құндылықтарды ұлықтау, Елдік пен Ерлікті, Рух пен Руханиятты жыр арқауына айналдыру, қазіргі қазақ әдебиетіне қолдау көрсетіп, заманауи қазақ поэзиясының насихатын арттыру.

МҮШӘЙРАНЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ:

Мүшәйраға қатысатын ақындар төмендегі екі тақырып бойынша бұрын жарияланбаған шығармаларын ұсынуы тиіс –

✓ Қабан жырауға арналған көлемді туынды (жыр/ дастан);

✓ Туған жер туралы өлең ;

Мүшәйраға Қазақстан Республикасының он төрт облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласында, алыс һәм жақын шет мемлекеттерде тұратын барша ақындар қатыса алады.

Ақындардың жасына қатысты ешқандай шектеу жоқ.

Мүшәйраға ұсынылатын шығармалар 2022 жылдың мамыр айының 20 - нан маусым айының 30 - на дейін қабылданады.

МҮШӘЙРА ЖҮЛДЕЛЕРІ:

~ Бас жүлде (Қабан жырау атындағы сыйлық, бір жеңімпаз) — 1500000 т.

~ Бірінші орын (Қадырғали бек Қосымұлы атындағы сыйлық, бір жүлдегер) — 1000000 т.

~ Екінші орын (Мұқылай баһадүр мен Уәйіс Сұлтан атындағы сыйлықтар, екі жүлдегер) — 500000 т.

~ Үшінші орын (Жолбарыс, Ескелді, Балпық билер атындағы сыйлықтар, үш жүлдегер) — 300000 т.

~ Атаулы сыйлықтар (Бекбауыл датқа, Орақты батыр, Керімқұл шешен, Таутан ақын, Тезек төре, Бақтыбай Аманжолұлы, Сүйінбай Аронұлы, Мәулімбай Саяқбаев, Қалқа Жапсарбаев, Жұматай Жақыпбаев, Бек Тоғысбаев, Тұрсынзада Есімжанов атындағы сыйлықтар, он екі сыйлық) — 150000 т.

* Мүшәйраға ұсынылған шығармалар Times New Roman қаріптерімен терілген WORD нұсқасында қабылданады.

* Мүшәйраның таңдаулы туындылары топтастырылып, жеке жинақ ретінде жарық көреді.

! Ескерту:

Қабылиса жырау туралы зерттеулер мен мақалалар, Қабылиса жыраудың шығармаларымен мына сілтеме арқылы жете таныса аласыздар: Қабылиса. Қабан жырау.

Барша сұрақтар бойынша:

Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 105,

Қазақстан Жазушылар одағының ғимараты.

+7(778) 9000900

+7(707) 7277799

email: aspanmedia@nail.ru немесе alashtugan_e@mail.ru

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347