Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2262 0 пікір 14 Қараша, 2012 сағат 08:08

Нұрхат Сапуанов. Өлгеннен сұра өлеңді, тірінің көзі – тірлікте

Өмірдің ағынымен бірнеше жылдан бері басқа салаға қызметке ауысып кетсем де өзім таңдаған мамандығым журналистикаға деген құрметім, оған деген рухани сұранысым арта түспесе еш бәсеңдеген емес. Бес жыл бойы КазГУ-дің табалдырығын тоздырып, студенттік шақтың ең қызықты күндерін қалам ұстаған қауымның бүгінгі өкілдерімен әйгілі бесінші жатақханада бірге өткізгендіктен болар жұмыс бағыты басқа болса да қазақ журналистикасының және әдебиетінің қазанында қайнап жүрген алдыңғы буын ағалардың, достарымның бізден кейінгі жастардың жазған-сызғандарын үзбей оқып, шама-шарқымша талдап-таразылап отыруды әдетке айналдырғанмын. «Журфакқа алғаш келген 50 студенттің бәрі ақын» деген сөзді менің әріптестерім жақсы білуі керек. Сол сияқты біз де журналистиканың қалың орманына енбес бұрын «өлеңге таласымыз» бар екенін білдіріп, бәріміз жарыса өлең оқыдық, ақындардың жаңа жырларын жатқа соғатынбыз.

Осы ескі әдетіме басып, жақында Астанадағы Ұлттық кітапханаға барып, биылғы жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік тапсырысы арқылы шыққан көркем шығармалармен танысып шықтым. Шынын айту керек, ауызды қу шөппен сүрте берудің қажеті жоқ екен. Оқимын деген адамға кітап жеткілікті. Кітапханашылардан сұрап-білгенімде биылғы жылдың өзінде 400 аталымдай кітап шығуда екен. Соның біразы кітапханаға түсіп үлгеріпті. Ішінде заңғар жазушыларымыз Мұхтар мен Ғабиттен бастап әдебиет әлеміне жаңа келген жастардың «Жанартау» атты топтамасына   дейінгі әр буындағы ақын-жазушылардың шығармалары баршылық.

Ең бастысы, биыл шыққан кітаптардың арасында көзін көріп, біршама уақыт рухани аға-іні болған Бауыржан Үсенов, Нұрлан Мәукенұлы, Бейбіт Құсанбек сияқты өмірден ерте озған ақын, журналистердің шығармалары жарыққа шығыпты. Өмірден ерте озған таланттардың кітаптарын ақтарып отырып марқұмдардың бейнелері көз алдыма келді. Өздері дүниеден өтсе де іздер-сұрар халқы бар екеніне, соңдарында қалың оқырманы қалғанына, кітаптарын шығаруға ұйытқы боп жүрген сөзұғар азаматтардың болғанына тәубешілік еттім.

Марқұм Бауыржан Үсеновтің «Менің бұлтым» атты кітабындағы «Ақын өлді» деген өлеңіне көзім түсті.

Жұрт ақынды жөнелтті құрметпенен,

Әлгілер де шауып жүр дүрмекпенен.

Ал ақынға бәрібір өліп қалған...

Ол тыс қалды өмірлік жорықтардан, - деп жазыпты Бауыржан ақын. Татар талқаны таусылып, ақынның өзі айтқандай «өмір жорықтардан тыс қалса» да рухани мұраларының оқырманмен қайта қауышып жатқанына қуандым.

Марқұм Нұрлан Мәукенұлымен 90 жылдардың аяғында бір басылымда бірге қызмет етіп, рухани аға-іні боп кеткен едік. Қолыма баспаханадан жаңа шыққан «Бойтұмар» кітабын алып, ақтарып шықтым.

Өлгеннен сұра өлеңді,

Тірінің көзі - тірлікте.

Бір діріл жайлап денемді,

Қойылмай қойды бір нүкте., деген өлең жолдарын оқып, селке ете қалғандай болдым. Марқұм Нұрлан ағамыз арғы дүниеде жатып ап өлең жазып жатқандай елестеді.

Келесі кітап дарынды тележурналист Бейбіт Құсанбектің «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» деген тележобасының жазбаша нұсқасы ретінде дайындалыпты. Экраннан көрген бөлек те сыр сұхбаттарды асықпай оқығанда басқаша болады екен. Марқұм Бекең де тележобасының атын неге осылай қойды екен деп таңқалдым.

Қарап отырсам, қазақтың үш дарынды ұлы өмірден ерте кетсе де айтарларын айтып  кеткен екен. Енді оларды оқу, оқыту, елге тарату біздің парыз. Осындай сауапты істі қолға алып, марқұмдардың әруағын тербеген Мәдениет және ақпарат министрлігіне алғыстан басқа айтар сөзім жоқ.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454