Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2504 0 пікір 14 Қараша, 2012 сағат 08:17

Жастардың талабына министрдің жауабы...

«Рух пен тіл» клубы мүшелерінің  Ұлттық ғылым академиясындағы кеңестік жазу мен нышандарды алып тастау туралы 6 қараша күні жазған шағым хатына (қараңыз: http://old.abai.kz/content/zhastardyn-talaby-sovettik-belgiler-men-zhazular-alynyp-tastalsyn)  13 қараша күні Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтан ресми жауап келді. Ресми жауап министрдің жеке блогында жарияланыпты (http://blogs.e.gov.kz/zhumagulov_b/questions/173400).

«Министрдің жауабы арқылы биліктің ұлттық саясатта нақты қандай пікірде екеніне, тәуелсіздік талаптарына жете мән бермейтіндіген тағы бір мәрте көз жеткіздік», - дейді клбу мүшелері.

Министр жастардың талабына орай қайтарған жауабында Ұлттық ғылым академиясы ғимараты өзінің архитектурасымен ескерткіш ретінде мемлекет қамқорлығына алынғанын , шетелде архитектуралық ескерткіштердің өзгертілмейтінін тілге тиек ете келіп, ұйым талабының орынсыз екенін, Франция астанасы Парижде ертеден салынған «Ұлдар мектебі» немесе «Қыздар мектебі» деген көне жазудың әлі де сақталғанын айтады.

Министрдің бұл әужіне таң қалған жастар жағы: «Әлгі мектептерден  Франция Қазақстан сияқты зорлық-зомбылық, ашаршылық, саяси репрессия көрді ме? Заты мүлдем екі бөлек нәрсені теңестіруге болады ма?» - дейді.  «Рух пен тіл» министрге кеңестік заман жазуы мен нышандарының ұлттық құндылықтарымызбен ұлтық саясатымызға сәйкес келмейтінін аңғартқан еді. Ал, министр балаларға Ресейдің Саранск қаласындағы басқарма үйінінің бірінде әлі күнге дейін «Кеңестер үйі» (Дом Советов) деген жазу мен кеңестік елтаңба сақталынғанын мысалдайды. «Саранск Ресейдің қаласы болғандықтан, әлбетте, Саранск үшін КСРО заманы ыстық болар. Бірақ Қазақстанға  КСРО қандай жақсылық әкелді? Биліктегілер осыны ойлайды ма екен?! Біздіңше, ойланбақ түгіл, әлі де кеңес заманын аңсайтын секілді. Оны кейінгі жылдары Ақорданың Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік секілді ұйымдарға кіріп, Ресеймен интеграцияны одан ары жақындастыруы дәлел», - дейді «Рух пен тіл Төменде Білім және ғылым министрінің жауабын толық беріп отырмыз, қалған пікрді оқырман қауым айта жатар.

Құрметті "Рух пен тіл" қоғамдық-саяси ұйымы!

Ұлттық ғылым академиясының «Қазақ ССР Ғылым академиясының» ғимарат кешені 1948-1957 жылдар аралығында салынған күрделі архитектуралық ансамбль. Бұл ғимаратты тұрғызуға ҒА бірінші президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ерекше еңбек сіңірген. Ғимаратты салуға Н.Простаков, А.В.Щусев, В.Экк, М.Павлов, А.Ордабаев, М.Звонцов, Н.Белоусова және басқа сәулетшілер қатысқан. Ғимарат өзінің архитектурасымен ескерткіш ретінде мемлекет қамқорлығына алынған.

Шет мемлекеттерде ерте кезде салынған архитектуралық ғимараттар қазірге дейін қалпынша сақталып, олардағы жазуларды өзгертуге тыйым салынған. Мәселен Франция астанасы Парижде ертеден салынған «Ұлдар мектебі» немесе «Қыздар мектебі» деген жазумен қалған ғимараттар көне ескерткіш ретінде сол күйінде сақталып, қазірде аралас (ұл-қыздар оқытатын) мектеп қызметін атқарып отырғаны белгілі. Ресейдің ірі қалаларында көне жазулармен жазылған ғимарттар сол күйінше сақтаулы. Мысалы, Саранск қаласындағы басқарма үйінінің бірінде әлі күнге дейін «Кеңестер үйі» (Дом Советов) деген жазу мен кеңестік елтаңба сақталынған.

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488-ХІІ Заңының «жоюдан, тағылық актілерінен, өңін айналдырудан, жалған дәріптеуден, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғауды қамтамасыз ету» 4-бабына сәйкес жөндеу барысында жазуы бар барлық архитектуралық бөлшектерді сақтап қалу келешек үшін аса маңызды. Өзгеріске тек ғимараттың тысындағы тақтайшада жазылған жазулар ғана ұшырауы тиіс.Сонымен қатар, аталған заңның 27-бабына сәйкес қабылданған «Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 279 қаулысымен ғимарат ресми түрде тізімге енген. Осыған орай, «Қазақ ССР Ғылым академиясы», «Академия наук Казахской ССР» жазулары тарихи ескерткіш символикасы ретінде қалуға тиіс деп санаймыз.

Жумагулов Б.Т.

13 қараша 2012 ж.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446