Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 4559 3 пікір 7 Маусым, 2022 сағат 14:25

Украина: Бопса және соғыс

Қазақстандағы референдум Украина майданын ұмыттырғандай. Алайда Украина соғысы қызып жатыр, жаңа фазаға ауысып, тіпті аймақтық мәселеден әлемдік мәселеге айналды. 

Украина әскері Батыс уәде еткен зымыран кешендері мен ауыр қашықтыққа соққы жасауға қабілетті артиллерияларға қол жеткізді. Ауыр артиллерия қазіргі уақытта ел шығысында соққы жасап жатса, зымыран кешендері әлі ұрысқа кіріспеді. Оларды үйрету мен оқытуға ұзақ уақыт қажет, шамамен 3-6 апта дейді мамандар. Осы аралықта Ресей әскері барын салып, үш бағытта шабуылға шықты. Олар Изюм, Северодонецк және Лисичанск. Аталмыш қалаларды басып алу арқылы, Ресей батыстық көмек келгенше өз позициясын нақтыламақ. Украина әскері қазіргі уақытта Херсон аймағында шабуылға шығып, бірнеше шақырым алға жылжыды. Мамандар Ресей бір ай бойы шабуылды үдетеді деген ойда.

Ресей Украина порттарындағы астықты сыртқа тасымалдауға кедергі жасауда. Ресей әскері бірнеше млн тонна астықты Ресей және Сирия аумағына шығарғаны жайлы ақпарат бар. Бұл әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр және Африка мен Азия құрлығындағы астық тапшылығын арттырады деген қауіпті болжамдарды туындатуда. Ресей Украина астығын тасуға дәліз ашатынын айтуда, алайда ол үшін Мәскеуге салынған санкциялар жеңілдетілуі тиіс дейді.

Сарапшылар Украина соғысы бес түрлі сценариймен өрбуі мүмкін дегенді айтуда.

Соғыс айлар, тіпті жылдар бойы жалғасуы мүмкін. Ресей тарапы ұзақ соғысқа дайын екенін мәлімдеді және Батыс Украинаны қолдауды азайтып, Қытай мәселесіне көбірек көңіл бөлуге кіріссе, Путин ұрыс даласында жеңіске жетеді деп санайды. Алайда қазіргі уақытта Украинаны қолдау керісінше артты және НАТО жылдар бойы көмек көрсетуге әзір екенін айтуда.

Путин "Ресей Украинадағы көздеген мақсаттарына толық жетті" деп соғысты аяқтауы мүмкін деген де болжам бар. Бұл Украина өзінің бір аймағынан бас тартса немесе Ресейдің ішкі экономикалық, саяси жағдайы күрт нашарласа іске асуы мүмкін. Алайда Украина өз аумақтарынан бас тартпайтынын айтуда.

Үшінші сценарий ретінде тараптардың ұрыс даласында қандай да бір нәтижеге жетпей, соңында келісімге келу мақсатында ұрыс қимылдарын тоқтатуы мүмкін екенін айтады. Қазірдің өзінде аймақтар бір қолдан екінші қолға күн сайын өтіп, жеңіс пен жеңіліс қатар келе жатыр.

Сарапшылар Ресей әскері немесе Украина жауынгерлері жеңуі мүмкін екенін де айтады. Украина Ресей әскерін өз жеріне шегіндірсе, бұл Киев үшін жеңіс, ол жағдайда Ресей химиялық не ядролық қару қолдануы мүмкін. Ал Ресей Донбасста жетістікке жетіп, Киевке қайта шабуыл жасаса, соғыс Украина үшін жеңіліспен аяқталуы мүмкін дейді олар.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303