Ел Тәуелсіздігін қолға алғанға дейін елдіктің туын жықпаған ерлер де бар
Коммунистік партия идеологиясының шарықтап тұрған кезі ХХ ғасырдың 60-70 жылдарымен тұспа-тұс келді. Көпшілік тек орыс тілінде сөйлеп, «КСРО-ның азаматы» атанды. Осындай қиын сәттерде намыс туын қолға алып, кеңестік саясатқа қарсы тұрған «Ащысай» түсті металдар комбинатының жігерлі азаматтарының істерін Өскенбай Құлатайұлы «Тағдыр» атты жинағы арқылы оқырман қауымға ұсыныпты.
Автордың негізгі мақсаты - ұлт азаматтарының атқарған істерін өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсету. Туындыда сол оқиғаларды көзімен көрген жандардың әңгімелері баяндалады. Кітап үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім - «Арпалыс немесе Әнуарханның ерлігі» деп аталады. Екінші бөлім - «Көргенімді айтайын» деген атаумен аталған. Үшінші бөлім - «Мерейтой».

«Арпалыс немесе Әнуарханның ерлігі» бөлімінде Кентау қаласындағы «Ащысай» түсті металдар комбинатында ұзақ жылдар бойы табысты еңбек еткен Әйменов Әнуархан жайында сөз болады. Әйменов Әнуархан Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында 1934 жылы 18 тамызда дүниеге келген. Еңбек жолын «Ащысай» түсті металдар комбинатының «Западный» кенішінде ауысым шеберлігінен бастайды. 1961 жылы жер асты кен қазу бөліміне басшылық қызметке тағайындалады. Әйменов басшылық еткен бөлімнің жұмысы өрлей бастады. Алайда қазақ инженерлері басқа ұлттың техник мамандарына тәуелді болып қала берді. Осының әсерінен 1965 жылы бірқатар қазақ инженерлері бас қосып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа хат жолдайды. Бір топ қазақ инженерлерінің басын қосып, біріктірген Әнуархан Әйменов еді. Хат әзірлеу үшін комбинатқа қатысты архивтегі 15 жылдық материалдарды жинақтайды. Талай шындықтың бетін ашқан осы хаттан кейін Әнуархан Әйменов Алжирге іс-сапарға жіберіп, кейін «Байжансай» кенішінде қызмет етеді. Бұл кеніште де қазақтарды басынушылықты көзі көреді. «Байжансай» кенішінің бастығы Б.С.Заяцпен болған келіспеушіліктен кейін бұл комбинаттан да кетеді. Ұлтын сүйген намысты азамат белгісіз жағдайда 41 жасында өмірден өтті. Ауыр кезеңде шындық үшін күрескен Әнуархан Әйменов сынды ерлердің атын өшірмеу бізге қалған аманат. Бұл бөлімде мұрағаттан алынған құжаттар, Әнуархан Әйменов туралы естеліктер қолданылған.
«Көргенімді айтайын» деп аталатын екінші бөлімде Өскенбай Құлатайұлының баспасөз бетінде осы уақытқа дейін жарияланған материалдары мен жүректен шыққан өлең жолдары мен автордың атына жазылған хаттардан үзінділер берілген.
1975 жылдың күзінде Байжансайға жазушы Әзілхан Нұршайықов келеді. Ел құрметіне бөленген жазушының Байжансайға ат басын бұрғаны тұрғындар үшін үлкен қуаныш сыйлады. Жазушының осы сапары автордың Әзілхан Нұршайықовпен алғашқы таныстығы болады. Ұзақ уақытқа үзіліп қалған байланыс кейін қайта жалғасын табады. Осы уақыттарда жазылған Әзілхан Нұршайықовтың хаттары кітаптың екінші бөліміне арқау болған. Хатта: «Сізге жазған хатымды және сіздер туралы осыдан 30 жыл бұрын жазған очеркімді оқып, қуанып қалдым. Сіз маған өзіңіз жазған «Өмір өрнектері» және «Сағым жылдар» атты екі кітабыңызды сыйладыңыз. Екеуін де оқып шықтым. Соғыс кезіндегі елдегі ауыл өмірін көзіме елестетіп, өзіме ғибрат алдым. Бар ғұмыры шопандық еңбекпен өткен Құлатай ақсақалдың адамгершілік асыл қасиеттеріне сусындадым... Екі кітаптың да жартысын өлеңмен толтырыпты. Бұрын баспасөз бетінде жарияланбаған, өз дәптеріңізде сақталған өлеңдер екен. Олар туралы көп айтып жатпайын. Бір сөзбен айтсам, сіз - ақын екенсіз. Бар өлеңдеріңіздің тәрбиелік мәні бар... Екі кітапта да тұнып тұрған өмір бар. Біздің замандастарымыздың өмірі. Және ұлағатты өмір! Сол өмірдің детальдарын ерінбей-жалықпай, тиянақты жинап жүргеніңізге және оларды оқырманға керекті кітап етіп шығарғаныңызға рахмет...» - делінген.
Ел ішінде атқарылған игі істерге ұйытқы болған Өскенбай Құлатайұлының бұл жинағы тәуелсіз еліміздің келешегінің кемел болуына үлес қосатын туындылардың бірі болмақ.
"Абай-ақпарат"