Жұма, 18 Қыркүйек 2026
3542 0 пікір 7 Маусым, 2022 сағат 14:41

Референдум: Соңғы есеп не дейді?

Орталық референдум комиссиясы жалпыхалықтық референдумның қорытындысын жариялады. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумды дауыс берушілердің 77 пайызы қолдаған. 

«Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 985 769 немесе референдумға қатысушы азаматтар санының 68,05 пайызын құрады», — деді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Ол референдум өтті деп есептеуге болатынын айтты.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолдағандар 77,18%, қарсы болғандар 18,66% - ды құрады. 2,58% бюллетен жарамсыз деп есептелді, ал, 1,58% бюллентен дауыстарды санау кезінде ескерілмеген.

Республика өңірлері арасында Алматы қаласында  32,99% адам дауыс беруге қатысса, Түркістан облысында 80,31% адам референдумға қатысқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1290
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2848
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 946
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 884