Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2507 0 пікір 15 Қараша, 2012 сағат 07:32

Бір кезде 1 доллар 4 теңге, 75 тиынға тең еді...

Бүгін - Ұлттық валюта - теңге күні және  қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі.

Мерекеге орай төл валютамыздың  тарихына көз жүгіртіп өтейік:

Бүгін - Ұлттық валюта - теңге күні және  қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі.

Мерекеге орай төл валютамыздың  тарихына көз жүгіртіп өтейік:

  • 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды.
  • 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді.
  • Теңге Ұлыбританияда басылып шықты.
  • 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
  • 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.
  • Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.
  • Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді.
  • Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
  • 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты.
  • Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Қазір банкнот -  Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
  • Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
  • 2006 жылы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілді.

«Шындық қымбат тұрады, шырағым» (Құдайберген Сұлтанбаев) демекші,  төл теңгеміз қолымызға тигенде аталарымыздың суреттегі бейнелерін көріп бір жырғап қалғанымыз рас. Бәріміздің сөлкебайымызда  «аталарымыздың басы»  - саудаласып тұрып «Сүйінбайды»  сурып бере қоясың, «мынауыңыз ірі ғой, ақша айыруға майдам жоқ еді» дегендерді «Құрманғазымен» қуантып, «тағы бірдеңе, ірілеу нәрсе алмайсыз ба» дегендердің аузын «Абаймен» жауып, «хан әулетін» («Шоқан», «Әбілқайыр», «Абылай») қалтаға басып алып алшаңдап жүрген күндер болды. Бірақ қаржы нарығының ырықтанбауы «аталарымыздың басын» жұтып тынды. Доллардың бағамы тұрақты өсіп отырды. 1999 жылы  Қазақстан экономикасында «әлемдік дағдарыс»  «рецессия» деген терминдер пайда болып теңге тағы да құнсызданды.  Алайда, қазір қазақстандықтардың теңгеге деген сенімі артты. Теңге қаржы нарығында тұрақты айналымға еніп тәуелсіз мемлекетіміздің бір нышаны болып қалыптасып қалды.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437