Жоңғар емес, Арқас Алатауы...
«Жердің аты - тарихтың хаты» деген ойлы да, мағыналы ата сөзі байыбына барған жанға тым бағалы екені анық. Өйткені, оның түп-төркінінде жер атауларында ата-бабадан бүгінгі күнге аман жеткен аса салмақты аманат жатыр. Ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бір кездегі орыс отаршылдығы салдарынан адам түсініп болмас дәрежеде өзгеріске ұшырағын жер атауларын қайта түзеп, бір кездердегі тарихи атауларын қайтару бағытында үлкен шаралар атқарылып еді, өкінішке қарай, қазір ондай бастамаларға үрке қарайтын болдық. Өзгерту, тарихи атауды қайтару туралы сөз қозғалса, айналаға жалтақтайтын жағдайға жеттік-ау деген ой жанымды жиі мазалайды. Соның бірі - «жылдар өтті, жағдай әлі солай ма?» дегізетін жай туралы жазғым келіп отыр. Ол арыдан тартқанда ХVІ - ХVІІ ғасырлардан бері атауы бұрмаланып келе жатқан атақты тау атауы. Нақтырақ айтқанда, Жоңғар шапқыншылығынан бері «Жоңғар Алатауы» деп аталып келе жатқан таудың тарихи атауын қайтару. Өткен тарихымыздан ұзақ уақыт көз жазып қалған ұрпақтарымызға: «Бұл Алатау - «Жоңғар Алатауы емес», заманында бабаларымыз бұл тауды «Арқас Алатауы» деген» десек көпшіліктің күмәнмен қарауы заңды да, өйткені, тарихтан солай оқыды. Күні бүгінге дейін баспасөзде де солай жазылып келеді.

Ал енді сол «Жоңғар Алатауы» деген атауға біраз тоқталып өтейік. «Өзендер өрнектеген өлке» атты кітапты (авторы Б.Нұржекеев, 33-бет) оқысақ, Жетісудың шығыс жағы Батыс Сібір генерал губернаторына қарайтын. Сол уақытта Жетісу жерінің картасын жасау полковник Абакумовқа тапсырылыпты (оның бейіті Қапалда жатыр). Ол жергілікті халықтан сұрай отырып, тау-тасты, жерді картаға түсірсе керек. Сол кезде маңында жүргендерден: «Батыстан Шығысқа қарай созылып жатқан мына таудың жалпы атауы бар ма?» деп сұраған көрінеді. Алғашында бәрі «Алатау ғой» дей салыпты. Қазақта не көп, Алатау көп. «Бұл қай Алатау?» дегенде біреулері «Заңғар Алатау», тағы біреуі «Жоңғар Алатауы», мұнда бұрын Жоңғарлар тұрған» депті. Оның арысын қайдан білсін, одан бері қанша ұрпақ ауысты? Солай Арқас аты өшіп, Жоңғар аталғаны анық. Бұл жағдай атақты Қожаберген жыраудың мына бір шумақ өлеңінен де көрініс табады:
Теріскей Алатауды қалмақ алды,
Найман мен Қоңыратты қуып салды.
Қайран жер, жау иелігіне көшкеннен соң,
Жоңғардың Алатауы деп аталды.
Қазбек Бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме дейін» кітабын ашып көрсек те осы дерек алдан шығады (108 бет), «Бәйдібек балалары көбінесе бес Алатауды -Арқас-Лабас-Шуас-Шыңбас-Талас маңына көшіп-қонып мекен еткен» дейді. Мұнда да Жоңғар деген атау мүлде жоқ. Ал Арқастан басқа атаулар күні бүгінге дейін сақталған. Сол кітапта кейіннен: «Төле би билейтін жайылмас қапал рулары сол бір заманда Арқас тауының ең бір шұрайлы аймағы Баянжүректе қыстайтын еді» деп атап көрсеткен. Сол Баянжүрек тауы - қазіргі Ақсу ауданындағы Арасан ауылының жері. Осы өңірдегі көнекөз қариялар - Слампол, Балатұрсын, Қызайбектер: «Қайран, Арқасым, Жоңғар аталып, жасап тұрсың-ау» деп күрсінетінін қайтерсіз? Қазекем жер-су, сай-сала, тауларға ат қоюда шебер халық қой. Арқас-Лабас-Шыңбас-Талас атаулары, бір атаның балаларындай үйлесіп, жарасып тұрған жоқ па? Енді сөз соңында айтайын дегенім, сол «Жоңғар Алатауы» дегенді өзгертіп, орнына «Арқас Алатауы» деп байырғы атауды қайтарсақ, тарихқа жасалған қиянаттың бетін қайтарған берекелі ісіміз болар еді. Құрметті оқырман, зиялы қауым, сіздер қалай қарайсыздар?...
Қ. Құдайбергенов,
Алматы облысы.
«Abai.kz»