Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
3293 0 пікір 8 Маусым, 2022 сағат 14:42

Елімізде вейптерге тыйым салыну ұсынылды

Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға заңды түрде тыйым салу, сондай-ақ, акциз енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов айтты.

"Негізгі даудың себебі бұларға (жылытылған темекі қосылған өнімдерге. - Ескерту) салынған салық. Білесіз бе, осы уақытқа дейін Қазақстанда электронды темекіге ешқандай салық салынбаған. ДДСҰ мәліметінше, бұл темекілер әсер ету, құрамындағы никотин және басқа да көрсеткіштері жағынан кәдімгі темекі сияқты. Сондықтан, депутаттар акциз салу туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Қазақстанда темекі қоспасы бар электронды құрылғылар деп аталатын вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын Денсаулық сақтау кодексіне өзгертулер енгізу туралы шешім қабылданды. Оларды Қазақстанда сатуға және пайдалануға толық тыйым салынады. Сондықтан біз Салық кодексінен бұл ұғымдарды алып тастадық", - деп түсіндірді ол Мәжіліс отырысында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1361
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2947
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1014
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 953