Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 2208 0 пікір 13 Қараша, 2012 сағат 08:39

Ұлт көсемін ұлықтады

Ұлт көсемі, қазақтың дара білім беру жүйесін қалыптастырушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл толуына орай, 8 - 11 сынып оқушылары арасында «Ұлттық тіл ғылымының көшбасшысы және бүгінгі қазақ тілінің қолданылуы» атты Ахаңның қаламынан туған шығармаларын оқу байқауы өтті. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Алматы қалалық филиалы мен Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып отырған қалалық байқауға сен тұр мен атайын деген 21 оқушы қатысып, қаламгердің тағылымды өлеңдерін тебірене жырлады.

Ұлт көсемі, қазақтың дара білім беру жүйесін қалыптастырушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл толуына орай, 8 - 11 сынып оқушылары арасында «Ұлттық тіл ғылымының көшбасшысы және бүгінгі қазақ тілінің қолданылуы» атты Ахаңның қаламынан туған шығармаларын оқу байқауы өтті. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Алматы қалалық филиалы мен Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып отырған қалалық байқауға сен тұр мен атайын деген 21 оқушы қатысып, қаламгердің тағылымды өлеңдерін тебірене жырлады.

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тіл бі­лімі мен әдебиеттану ғылымдарының не­гізін салушы, ұлттық жазудың рефор­маторы. Оның «Оқу құралы» - қазақша жазылған тұңғыш әліппенің бірі. Ол - қазірдің өзінде әдістеме тұрғысынан маңызды оқулық. Сондай-ақ қазақ тілінің шамын жағып, тіл заңдылықтары мен грамматикасының негізін қалап кеткен Ахметтің үш бөлімнен тұратын «Тіл құрал» атты үлкен оқулығында ал­ғаш рет фонетика, морфология, син­таксис ұғымдарына кеңінен талдаулар берілген.
Алаш арысы Ахмет Байтұрсыновтың құрметіне арналып Жазушылар одағында өткен дәстүрлі оқу жарысына Алматы Білім басқармасының қолдауымен Алматы қаласындағы 7 ауданның мектептерінен үш оқушыдан іріктеліп алынды. Барлығы 21 қатысушы Ахмет Байтұрсынұлының халқының күйін күптеген, қажеттілігін діттеген «Елге сә­лем», «Ғылым», «Жұртым», «Ашық хат», «Жауға түскен жан сөзі», «Ақын ініме», «Жиған-терген», «Қазақ салты», «Өгіз бен бақа», «Айна мен маймыл» атты шығармаларын байқауға қатысу­шы­лар­дың әрқайсысы өзінше ырғақпен жыр­лап, шығарма мазмұнына терең бойлап, көркемдеп жеткізді. «Өлең сөздің пат­шасы, сөз сарасы» демекші, әрқайсысы ағартушының қиыннан қиыстырып, өрнектей өрілген, ойлы да орайлы өлең­дері мен мысалдарын балын тамыза мә­нерлеп оқыды.
Ұлы тәлімгердің абақтыда отырып анасына жазған хаты оқушыларға қатты ұнады ма, бәлкім, осы өлеңді оқу жа­рысында бес қатысушы бірдей орындады. Әрине, әрқайсысы өзінше жақсы жеткізе білді. Дегенмен әділқазылар келер жолы мұндай жайттарды ескеру керектігін алға тартты.
Қазылар төрелігімен байқауға қаты­сушылар арасынан Ахмет шығармаларын оқудағы үздіктері анықталып, оларға электронды кітаптар мен марапат қа­ғаздары табыс етілді. Ақынның «Өгіз бен бақа» өлеңін көркемдеп, әсерлеп жет­кізген Алмалы ауданындағы № 36 орта мектептің оқушысы Әділжан Жақ­сы­лықов топ жарып, бірінші орынды ие­ленсе, екінші орынды Әуезов ауда­нындағы №139 орта мектеп оқушысы Әйгерім Жеңісқызы алды. Үшінші орын Бостандық ауданының № 40 орта мектебінің оқушысы Қағанат Нұртайға бұйырды. Бұдан кейінгі ынталандыру сыйлықтарын қазылар алқасы кел­гендерді бөліп-жармай қатысушылардың барлығына бірдей табыстады.
Шара соңында құттықтау сөзін алған Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов мұражай үйінің директоры Имаханбет Райхан, келешекте Ахаң оқуларын мұғалімдер арасында да ұйымдастыруды ұсынды.

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1555
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3351
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6226