Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2802 0 пікір 13 Қараша, 2012 сағат 08:52

Еңбек көші-қоны: елең еткізер мәселе

Бүгінде қазақстандық шешендердің үлкен көші Ресейге бет алды. Кеше Парламентте Халықаралық еңбек ұйымының өкілі осындай елең еткізерлік мәліметті жария етті. Қазақстан көшбасшысының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласынан кейін, ел Үкіметі, ондағы әрбір қазақстандықты еңбекпен қамту міндетін жүзеге асыру аясында, еңбек миграциясын реттеуге де мықтап ден қойыпты. Осы орайда кеше Үкімет Мәжілісте жаңа тұрпатты заңның тұсауын кесті.


Бүгінде қазақстандық шешендердің үлкен көші Ресейге бет алды. Кеше Парламентте Халықаралық еңбек ұйымының өкілі осындай елең еткізерлік мәліметті жария етті. Қазақстан көшбасшысының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласынан кейін, ел Үкіметі, ондағы әрбір қазақстандықты еңбекпен қамту міндетін жүзеге асыру аясында, еңбек миграциясын реттеуге де мықтап ден қойыпты. Осы орайда кеше Үкімет Мәжілісте жаңа тұрпатты заңның тұсауын кесті.


«Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» атты жаңа заң жо­ба­ның таныстырылымына халықара­лық сарапшылар да шақырылыпты.
Бұл ретте Халықаралық еңбек ұйы­мының сарапшысы Сергей Бресто­вицкий көрші Ресейдің осы үдерісті қалай реттеп жатқандығын баян­дап, РФ-нің еңбек патентін енгізу бойынша тәжірибесін таныстырды. Оның айтуынша, солтүстік көрші­міз өзінде заңды түрде жұмыс істегісі келетін еңбек мигранттарына ендігі 1 миллион 250 мың патент беріпті. «Өз баласының шетелдік күтуші­сі­нің, үй жұмыскерлерінің заңдастыры­луын қалайтын ресейліктер де олар­дың патент алуына ықпал етуде» дейді ХЕҰ сарапшысы.
Ресей Федерациясына еңбек миг­ранттарын жеткізуші елдердің көшін Өзбекстан мен Украина бастап тұр екен. Қазақстаннан көршісіне ба­рып, жалданып, жұмыс істейтіндер саны көп еместігі мәлімделді.
Тек РФ-ге көшіп алған бұрынғы «отандастарымыздың» Қазақстанда қалған туыстарын жұмысқа тартатын тәжірибе кең қанат жаюда. Осы орайда бірқатар ресейлік ақпарат құралдары осылай туысының шақыруымен сеніп, барып, құл­дыққа түсіп қалған қазақстандықтар туралы жарыса жазды. Солтүстік көршімізге тек славян тектілер ғана қоныс аударып жатқан жоқ.
- Қазір шешендердің өте үлкен ағыны Қазақстаннан қайтуда,-деді Сергей Брестовицкий. - Олар үшін қаншама құжат жинап, көп күтіп, азаматтық алу күрделі, оның ор­нына оларға еңбек патентін ала салып, Ресейде еркін жүре беру анағұрлым оңай, - деген Халықаралық еңбек ұйымы­ның өкілі егер Қазақстанда да осындай патент енгізілсе, ке­лімсектерге соны алуға жәрдемдесетін «өркениетті делдал­дар институтын» қалыптастыруды ұсынды.
Ал мұндай патент елімізде өмірге жолдама алатынға ұқсайды. Бұл бір жағынан мемлекет үшін тиімді: заңды түрде жұмыс істеуге еңбек патентін алған мигрант Қазақстан қазынасына ай сайын 3 мың 400 теңгеден астам алым төлеп тұрмақ. Ішкі істер министрінің орынбасары Қ.Тыныбековтің айтуынша, осы заң жобасына сәйкес, «тіркеу туралы белгі­сінің (отметка) негізінде көші-қон жөніндегі уәкілетті орган­дардың аумақтық бөлімшелері оған жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатты 1 айдан 3 айға дейінгі мерзімге рәсімдейді. Осы құжатты рәсімдегені үшін еңбек қызметі жүзеге асырылатын әр ай үшін 2 АЕК мөл­шерінде мемлекеттік баж алынады». Қайрат Тыныбеков осының арқасында ел бюджетіне мигранттардан 4-6 мил­лиард теңгеге дейін салық түседі деген болжамдарын мәлім етті.
Бұл басқа жағынан келімсектің өзіне қажет. Өйткені Қазақстан аумағында жұмыс істеуге заңсыз келгендер құл­дыққа түсіп қалып жатады. Сосын кейбір байшыкештер кең сарайдай коттеджін, басқа да нысанын келімсектерге салғы­зып алып, бірақ ақыры ақысын төлемей, құзырлы органға хабарлап, ұстап беретін жағдайлар да кездеседі. «Егер ми­грант көші-қон заңнамасын бұзған кез келген жағдайда, ол бірден елден аластатылады және сонымен қатар оған Қа­зақстанға 5 жыл бойы келуге тыйым салатын санкция қойы­лады» деп түсіндірді ІІМ басшысының орынбасары Қ.Тыны­беков. Ал егер рұқсаты болса, оны ешкім елден қуа ал­­майды.
Өз сөзінде ІІМ басшылығының өкілі 2006 жылы Қа­зақстанда еңбек мигранттарын заңдастыруға бағытталған бір реттік рақымшылық шарасы жүргізілгендігін еске салды. Сонда, 2006 жылдың 1 тамызы мен 31 желтоқсаны аралы­ғында 164 мыңнан астам шетелдік «жұмыс қолы» заңдасты­рылыпты. Бірақ бір айырмашылығы, онда заңды тұлғалар, яғни қазақстандық компания-кәсіпорындар өздерінде заң­сыз жұмыс істейтін жатжұрттық азаматтарды «көлеңкеден» «күнгейге» шығарған. Алайда жеке тұлғалардың, яғни қа­зақстандықтардың қолында жұмыс істейтіндер бұдан тыс қалыпты.
Жаңа заң жобасына түсіндірмеде «бүгінде Қазақстанда жеке адамдарда қызмет жасайтын (құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын, бала күтетін, үй шаруашы­лығын атқаратын) шетелдіктерді, ТМД азаматтарын мигра­циялық бақылау мәселесі реттелмегендігі» атап көрсетіледі. «Заңнамада Қазақстан азаматы болып табылатын жеке тұлғаларға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қа­растырылмаған, - дейді Мәжілістегі осы жаңа заң бойынша жұмыс тобының жетекшісі Ольга Киколенко, - нәтиже­сін­де мұндай қызмет заңсыз жүзеге асырылады». ІІМ дерегінше, жеке адамдар қолында жұмыс істеуге, солардың шақыруымен келген шетелдіктер ішкі істер органдарында тіркелу кезінде келу мақсатын «жұмыс істеу» деп көрсетпейді, «туристпін» дейді, «ел көремін» деп сырғытады. Бұған қоса, жалған ме­кенжай жазады екен де, «іс жүзінде онда тұрмайды» екен. Қалай болғанда да, қазақстандық азаматтардың жатжұрттық жұмыс қолдарын жалдау ауқымы артып барады. Бүгінде көп­теген дәулетті адамдар, биік лауазымды шенеуніктер үй күтушісін - Филиппиннен, аспазды - Өзбекстаннан не со­нау Италиядан алғызуды мәртебе санайды. Егер осының бәрін заңдастырмаса, заңсыз жұмыс күші бақылаудан шы­ғып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келуі мүмкін. Осыған бай­ланысты ел Үкіметі ұлттық заңнамаға өзгерістер ұсынып отыр. Жаңа заң жобасын Ішкі істер министрлігі жазыпты. Оған сәйкес, шетелдік жұмысшыларға «Қазақстанда жеке тұлғаға еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат» берілетін болды. Оны алғысы келетін келімсек «келу мақсатын» «ең­бек қызметін жүзеге асыру» деп нақ, ашық жазуға міндетті. Айтқандай, жатжұрттық жұмыскердің бұл рұқсатының мерзімі оның жеке тұлғамен жасаған келісімшарты негізінде ары қарай 3 айға бірнеше рет ұзартылуы мүмкін.

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5487