Сенбі, 23 Қараша 2024
2365 0 пікір 13 Маусым, 2022 сағат 13:59

Қазақстанда тұруға рұқсатты 4 мыңға жуық шетелдік алды

Жыл басынан бері Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсатты 4 000-ға жуық шетелдік алды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды Ulysmedia.kz.

2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда тұрақты тұруға 3,9 мың шетелдік рұқсат алды. Өткен жылы ҚР-да тұрақты тұруға 15,4 мың шетелдік ие болды.

ҚР-да тұрақты тұру кезінде негізгі -тұрақты және заңды табыстың, тұрғын үйдің болуы, сондай-ақ заңмен проблемалардың болмауы шарт. Орташа алғанда, тұрақты тұру туралы өтініш 60 күнтізбелік күн ішінде қаралады. Көші-қон полициясы қызметкерлерінің қалауы бойынша бұл мерзім тағы да 10-30 күнге ұзартылуы мүмкін.

Айта кетейік, Қазақстан қалаларында Ресей мен Украина азаматтарының саны айтарлықтай өсті. Қазақстандықтар арасында ресейліктердің Қазақстанға жаппай көшуі елдегі жұмыссыздықты күшейтеді деген пікір кең таралған.

Наурыз айының соңында Ресейден Қазақстанға жыл басынан бері 6 300 адам келгені хабарланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458