Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2565 4 пікір 20 Маусым, 2022 сағат 14:00

Қазақтың ішінде жүрген қыжыл сыртқа шықты

Президентіміз Қасым-Жомарт Токаевтың Санкт-Петербургтегі халықаралық экономикалық форумдағы RT арнасының әм «Россия сегодня» медиатобының бас редакторы Маргарита Симоньянның сайқал сауалына ағынан жарылып, қара қылды қақ жаруы біреуге ұнап, біреуге ұнамаса да, Батыс пен АҚШ-та оң көзқарас тудырғаны жасырын емес.  

«Зачем Токаев унизил Путина на экономическом форуме в Питере? | Грани времени с Мумином Шакировым».

Бірақ өз ішімізден де, Ресейден де мемлекет басшысының пікірімен келіспейтіндер табылып қалды. Елге РФ әскері емес, ОБКД әскері кірді, біз Ресейге қарыз емеспіз дегені, ЛНР мен ДНР мойындамайтындығымызды ашып айтуы, ел тұтастығына көз алартушы көрші елдің зиялылары мен депутаттарына қарата айтқан салиқалы сөзі Путиннің десін басып, ашуға булықтырғаны да жасырын емес.

Бірақ Азаттықтың орыс қызметіндегі «Тоқаев Путинді жер етті» деген пікір ресейлік рашистерге ұнамай қалғаны да жасырын емес.

Орекеңдердің «PolitWera»  YouTube-арнасынның эфирінде доғарыстағы полковник Владимир Труханның «Тоқаев бізге шынайы бейнесін көрсетті» деген анайы ғайбаты мен қазаққа кеткен-міс деген солтүстік аймақты күшпен қайтаруға шақырғаны ТМД кеңістігіне тарады.

Өз ішімізде де бұрынғы дипломат Казбек Бейсебаев «Президент не совершил никакого героизма. Он озвучил только официальную позицию Казахстана» деген пікірімен осы аптада жұрт есінде қалды.

Оның есесіне тик-токта Мұхтар Тайжан Президентіміздің ОБКД туралы пікірін құптайтын ашып айтты.

Қалай десек те, қазақтың ішінде жүрген қыжылдың бәрін президентіміз әлем жұртының назарына ұсына білді. Осы қыжылдың сыртқа шығуы рашистерді БАҚ үргізіп жатқаны қуанышты жайт.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407