Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2023 0 пікір 8 Қараша, 2012 сағат 17:26

Шығыс жастары «Жас Отанның» съезіне дайындалуда

«Алтай» техникалық паркінде жас ғалымдардың «Ғылымды дамыту: елдің зияткерлік әлеуеті» атты ғылыми конвенті өтті. Шара «Жас Отан» ЖҚ мен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы бастамасымен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.
Конвенттің жұмысына аймақтың 70-тен астам жас ғалымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жас бизнесмендер, студенттер, депутаттар қатысты.
Қатысушылар ғылымдағы проблемалар, оның болашағы және даму механизмдерін талқылап, оларды «Жас Отан» ЖҚ-ның 2020 жылға дейінгі «Жастар - Отанға!» стратегиясының жобасына енгізу үшін ұсыныстары мен жалпы кеңестерін шығарды. Ол жас партиялықтардың екінші съезінде талқыланады.
Конвенттің модераторы, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің жас ғалымдар кеңесінің төрайымы Мәдина Кәрібаева бүгінде ғылымды дамыту және оған жастарды тарту көкейкесті мәселе болып табылатынын атап өтті.
«Алтай» техникалық паркінің директоры Дәрмен Әбілқайыров техникалық парктегі технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы туралы айтып берді.
Бұдан басқа, кездесу барысында грант берушілердің қаржыландыру мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. «Даму» қорының жас ғалымдарға көрсетіп отырған қаржылық және қаржылық емес көмегі туралы ақпарат ерекше қызығушылық тудыртты.

Өз кезегінде, «Жас Отанның» шығысқазақстандық қанатының көшбасшысы, аймақтағы ең жас депутаттардың бірі Станислав Каримов «заманауи әлемді түбегейлі өзгертетін терең өзгерістер «білім экономикасы» - озық технологияларды енгізу және тарату, инновациялық дамыту әлеуетін тиімді қолдануға өту үшін жаңа бірегей мүмкіндіктер құрғанын» атап өтті.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498