Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
Өзгелер 5734 3 пікір 24 Маусым, 2022 сағат 00:15

Жетінші ғарыштық держава - Оңтүстік Корей

Оңтүстік Корея алғаш рет ғарышқа өз зымыранын ұшырды. Осылайша, ол ғарышқа спутнигін сәтті қондырған әлемдегі жетінші мемлекет болды. Бұл туралы The Japan Times хабарлады.

Сейсенбі, 21 маусым күні 200 тонналық «Nuri» зымыран тасығышы Гохеунг округіндегі Naro ғарыш орталығынан сағат 16.00-де көтерілді. Ғылым министрлігі зымыран Жер орбитасына бірнеше жерсеріктерді, соның ішінде өнімділікті тексеру жерсерігін (PVSAT) және төрт CubeSats-ты сәтті қондырғанын айтты.

«Отанымызда енді ғаламға апаратын жол ашық», - деді Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ель. Ол жаңа мемлекеттік орган құру арқылы ғарышты игерудің болашақ бағдарламаларына толық қолдау көрсетуге уәде берген болатын.

Оңтүстік Кореяның ғылым министрі Ли Чжон Хо үкімет 2027 жылға қарай төрт қосымша ұшыру арқылы техникалық сенімділік пен тұрақтылықты жақсартуды жоспарлап отырғанын айтты.

Оңтүстік Корея қазір АҚШ, Ресей, Франция, Қытай, Жапония және Үндістаннан кейін, салмағы 1 тонна немесе одан да көп болатын жерсерікті орбитаға шығара алатын әлемдегі жетінші мемлекет болды.

Еске салайық, Оңтүстік Корея 2021 жылдың қазан айында алғашқы отандық  зымыран тасығышын ұшырған. Оған шамамен екі триллион вон инвестиция тартылды. Алайда, ол сәтсіз болған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1561
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3176
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1167
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1085