Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2137 0 пікір 17 Қараша, 2012 сағат 18:23

"Елбасымыздың игі бастамасын белсенді насихаттауға шақырамын!"

Қараша айының 16-сы күні Елордада Елбасы Н. Назарбаевтың қатысуымен "Жас Отан" жастар қанатының екінші съезі өтті. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 9000-ға жуық жас өрен қатысты. Елбасы алдында сөз алып, өзінің жастық рухын, патриоттығын паш еткен жасотандықтардың бірі Семей қаласынан сайланған делегат Еркебұлан Балтабеков. Ол Қазақстан Президентінің Ядролық қарусыз әлем құру бастамасы бүгінде әлем назарын аударып отырғанын тілге тиек етті.  

"Мен туған 1991 жылы жарты ғасырға жуық уақыт бойы сынақ алаңына айналған Семейде ядролық полигон жабылған болатын. Маған және барша жерлестеріме Елбасымыздың сол шешімі бейбіт өмірдің тәтті дәмін сезініп, болашаққа зор үмітпен қарауға мүмкіндік берді. Сондықтан да Нұрсұлтан Әбішұлына әлем үшін мәні мен мағынасы зор аса маңызды шешімі үшін барша семейліктер атынан шексіз алғысымды білдіргім келеді. Жуырда Астанада өткен халықаралық конференцияға келген шетел саясаткерлері және Вашингтон мен Сеулде өткен ядросыз әлем құруға арналған форумдарда әлемдік державалардың басшылары Нұрсұлтан Әбішұлының дер кезінде көтерген ғаламдық бастамасын өте жоғары бағалады. Елбасымыздың ядролық қарусыз әлем құру идеясын шетелдіктер қандай жігермен қарсы алғанын көргенде "Ал біз осы бағытта қандай жұмыс жасаудамыз?" деген сұрақ туындайды. Мен барша құрдастарымды, Қазақстандай ыстық ұямыздың өсіп-өркендеуі үшін Елбасымыздың игі бастамасын белсенді насихаттауға шақырамын!
Біз, Қазақстан жастары, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елімізді мақтан тұтамыз!
Осы жолдан таймай, еліміздің ертеңі үшін бар күш-жігерімізді салып, аға буынның бізге артқан үмітін ақтауға шақырамын!"
Арманы асқақ, пейілі кең Еркебұланның ізгі сөзі көпке ой салары хақ. Болашағынан үлкен үміт күттіретін жастарымызға ақ жол.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417