Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 5307 19 пікір 30 Маусым, 2022 сағат 14:03

Ассамблея қазақтың санын әдейі кемітіп отыр ма?

Қазақстан халқы Ассамблеясы дейтін сөзде бар да, істе жоқ ұйым бар, бізде. Басқа-басқа, көптен бөлек сайлау өткізіп, Парламентке депутат сайлайды. Қазірге дейін Мәжіліске 9 депутат кіргізіп отыр. Өткендегі президент Тоқаевтың сөзінен ұстар болсақ, келер сайлаудан бастап Ассамблея депутаттарының саны бірнеше адамға азаяды-мыс.

Әуелгі функциясы – Қазақстандағы этнос өкілдерінің ауызбіршілігін сақтау. Яғни, ел ішінде ұлтаралық кикілжіңдердің алдын алып отыруғы бірлестік. Ал реалда, өз функциясын мүлде атқарып отырған жоқ.

Міне, сол Қазақстан халқы Ассамблеясы әлгінде Қазақстанның халқын санап, болжамды түрде ұлттардың үлесіп есептепті. Қараңыз:

ҚХА-ның жыл басынан бергі есеп бойынша, Қазақстан халқының саны -  19 млн 122 мың адам.

Қазақтар - 69,03%,

Орыстар - 18,47%,

Өзбектер - 3,29%,

Ұйғырлар - 1,5%,

Украиндар - 1,3%,

Татарлар - 1,06%,

Немістер - 0,92%,

Түріктер - 0,61%,

Кәрістер - 0,57%,

Әзірбайжандар - 0,61%,

Дүнгендер - 0,40%,

Беларусьтар - 0,26%,

Тәжіктер - 0,27%,

Күрдтер - 0,25%,

Шешендер - 0,18 %,

Поляктар - 0,15%,

Башқұрттар - 0,09%, және басқа этностардың саны 1,04% деп көрсеткен.

Бұл Ассамблеяның есебі. Сол ҚХА өзінің 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын жариялапты.

«Мәселен, соңғы үш жылда ел халқының саны 2,6%-ға өсті. Бұл ретте көші-қонға, халықтың жыныстық, жас құрамының өзгеруіне, этностардың ел ішінде орналасуына және әртүрлі өңірлердің этнодемографиялық ерекшеліктерінің күшеюіне байланысты этноәлеуметтік процестер динамикасының күрделенуін көруге болады. Ақпараттық алаңда қазақстандық азаматтар арасындағы этносаралық қатынастарға теріс әсер етуі мүмкін елдегі этносаралық жағдайдың жай-күйі туралы теріс дүниетанымдық көзқарастардың таралуы байқалады. Елдегі этносаралық бейбітшілік пен бірлікті кеңінен жариялаумен бірге «өшпенділік тілінің» де бар екендігі байқалады», - деп жазлыған құжатта.

Қазақстанда халық санағы былтыр өткен. Үшінші жолғы санақтың қорытынды есебінде – «Қазақстан халқының саны 19,1 млн адам» деп көрсетілген. Қазақтардың үлесі – 70,18 пайызды құраған. Бұл ресми ақпарат. Ал бейресми есепте Қазақстандағы қазақтардың үлес саны 80 пайыздан асып жығылады. Яғни, ары айт та, бері айт, қазақтар доминантты ұлтқа айналған.

Жалпы, халық санағы – үлкен саясат. Дәл осы халық санағына байланысты билік ұлттық саясаттың стратегиясын түзеді. Ал Ассамблея жариялаған есепте – қазақтардың саны бірнеше есеге азайтылып көрсетілген екен. 70 пайызға жетпейді. Бізше болса, бұл да – саясат. Ассамблеядағы ала-құла азаматтардың Қазақстанды «полиэтникалық мемлекет» деп атаудың амал-айласы.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303