Жұма, 22 Қараша 2024
1741 0 пікір 4 Шілде, 2022 сағат 14:45

Ресей 47 мың қырғызды "қара тізімнен" шығарды

Қырғызстанның 47 мыңға жуық азаматы Ресейдің "қара тізімінен" шығарылды. Федерация бұл тізіге ауыр қылмыс жасаған, заңды өрескел бұзған азаматтарды кіргізген.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, федерация аумағында "ұсақ" әкімшілік әрекет жасаған азаматтар Ресей аумағына қайта кіруге рұқсат алды. Министрлік мұндай шешімді 2022 жылғы мамырда жоғары деңгейде өткен келіссөздер нәтижесі деп атады.

Дегенмен, Ресейдің ел аумағына кіруге тыйым салынғандар тізімінде Қырғызстанның әлі 35 мыңға жуық азаматы бар. Олардың біразы Ресейден сот шешімімен шығарылған.

Азаматтар Ресейдің "қара тізімінде" бар-жоғын Ресей ІІМ Миграция мәселелері жөніндегі бас басқармасының ресми сайтынан біле алады, деп хабарлайды Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі. Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанның 1 млн 118 мың азаматы шетелде жұмыс істейді, соны миллионға жуығы Ресейде жүр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322