Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2266 0 пікір 8 Қараша, 2012 сағат 22:01

Аймақтың айтулы азаматы жазушыға Д.Исабековке құрмет!

Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ж.Шанин атындағы облыстық Қазақ драма театрында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы - драматург Дулат Исабековтің 70 жылдығына арналған шығармашылық кездесу өтті.
Салтанатты кездесуге облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысып, жазушының шығармашылығына деген өзінің жүрекжарды лебізін білдірді. Сонымен қатар әкім ата дәстүрімен Дулат Исабековтің иығына шапан жауып, жазушыны «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Сондай-ақ оңтүстік өңірге Дулат Исабековтің мерейтойлық шарасына жазушының қаламдас досы Төлен Әбдік, Көпен Әмірбек және Қазыбек Иса да келген болатын. Аталған азаматтар қаламгердің шығармашылығы туралы жылы пікір білдіріп, жазушыға мықты денсаулық тіледі.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114