Сейсенбі, 26 Қараша 2024
2524 5 пікір 6 Шілде, 2022 сағат 12:41

Ауғанстан тарапынан Өзбекстан аумағы атқыланды

Өзбекстанның шекара аумағында 5 шілдеде сағат 16:20 шамасында бес реактивті снаряд құлағаны мәлім болды. Олар Ауғанстан аумағында атылған болуы мүмкін. Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде осылай делінген.

"Снарядтар жерге түскен уақытта жарылмады, сол себепті адам шығыны тіркелмеді, нысандар зардап шекпеді", - деп хабарлады СІМ

Термездегі "Мажнунгол" махалласындағы төрт жекеменшік үй аздап бүлінген, бесінші снаряд футбол алаңынан табылды, делінген сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде. "Табылған снарядтарды сапер бөлімі залалсыздандырды".

Еске салайық, биыл сәуірде Өзбекстандағы кейбір ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде "Ислам мемлекеті" ұйымының Хорасан бөлімі Ауғанстан аумағынан Өзбекстанның Сұрқандария облысындағы әскери нысандарға он ракета атқаны туралы мәлімет жарияланды. Алайда Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мұндай мәліметті арандатушылық деп атады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019