ЕХРО Елбасының идеясы
2008 жылы Испанияның Сарагоса қаласында болған Халықаралық көрмеде Қазақстан экспозициясы табысты өткізілгенінен кейін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев еліміздің бас қаласында осындай іс-шара өткізу туралы идея ұсынған еді.
Белгіленген регламентке сәйкес Қазақстан ХКБ Бас хатшысы В.Лоссерталеске тиісті өтініш 2011 жылдың 10 маусымында тапсырылды.
Халықаралық көрмелер бюросының 152-ші Бас ассамблеясында өткен құпия дауыс беру нәтижесінде Қазақ елордасы 103 дауыс жинап, бельгиялық Льеж қаласын басып озды, соның нәтижесінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу орны болып Астана қаласы таңдалды.
Бұл Елбасы жүргізіп отырған саясатқа деген жоғарғы баға және Астана қаласын халықаралық деңгейдегі іс-шараны өткізе алады деген үлкен сенімнің нәтижесі.
Халықаралық көрмелер бюросы тарихында бұндай озу тұңғыш рет орын алып отырғанын да атап өткен абзал.
Ынтымақтастықты кеңейту
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына Астана қаласының өтінімін жылжыту халықаралық ынтымақтастық үлгісіндегі барлық тетіктер мен ресурстарды қолдану арқасында жүзеге асты.

ХКБ-ге мүше барлық мемлекеттермен (157) кездесулер мен келіссөздер өткізілді, 4 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды және тағы да 7 мемлекетпен әңгіме жүріп жатыр.
БҰҰ жүйесіндегі әртүрлі халықаралық ұйымдарда өзара дауыстармен алмасу арқасында 11 ресми хат алынды.
Өтінімді жылжыту кезінде Қазақстанның Африка, Оңтүстік Америка және Азия-Тынық мұхиттық аймақтағы мемлекеттермен ынтымақтастығы нығайып, бірқатар елдермен Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.
«Болашақ энергиясы» EXPO 2017 тақырыбы БҰҰ Бас хатшысының жанындағы Кеңестік топтың «Тұрақты даму үшін энергия» атты баяндаманың тақырыбы мен сипаттамасына сәйкес келіп, мүше мемлекеттер арасында толығымен қолдау тапты. Біздің бастамамызды БҰҰ Бас Ассамблеясы, теңізге шыға алмайтын мемлекеттер конференциясы және БРИКС, CIVETS (Колумбия, Индонезия, Вьетнам, Үндістан, Египет, Түркия және Оңтүстік Африка), АСЕАН, ЭСКАТО, ШЫҰ, ЭЫҰ және т.б. сияқты халықаралық бірлестіктер де мақұлдап шықты.
Көрме өткеннен кейінгі объектілер. Оларды қалай пайдаланамыз?
Құрылыс ауқымы, инвестиялар көлемі және оның сәулеттік шешімдері көрме ғимараттарын іс-шара өткеннен кейінгі пайдалану бойынша ең тиімді шешім қабылдауды талап етеді.
ЭКСПО-2017 көрмесін өткізгеннен кейін ғимараттар мен алаңдардың бір бөлігі ғылыми зертханалар, ғылыми орталықтар және зерттеу институттар ретінде пайдалануға болады. Экспоқалашық ретінде құрылған ғимараттарды мемлекеттік тұрғын үй қорына өткізіп, елорда өз әлеуметтік даму мәселелерінің бірін шеше алатын болады.
Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізгеннен кейін «Зерттеу орталығын» құрып, оны Назарбаев университеті ААҚ-ға тапсыру және оған қоса «Ғылым мұражайын» құру да жоспарланып отыр.
Астана қалалық әкімдігі көрме объектілерін салуға жоспарлап отырған 113 Га көлемдегі жер телімі саяси және мәдени маңыздылығы бар құрылыс объектілері орналасқан Мынжылдық аллеясында құрылуға жоспарланған.
ЭКСПО-2017 мемлекетіміздің және аймақтың дамуына ерекше септігін тигізетін ірі жоба. Көрменің интеллектуалды мұрасы Қазақстанды жаңа деңгейге көтере алады және оған қоса құрылысқа, туристік инфрақұрылымға, қонақүйлер ісіне инвестициялар тартудан басталатын мультипликативті әсерін де айта кетуге болады.
Лоссерталеспен кездесу
Үсітіміздегі жылы 23 қарашада Парижде орналасқан Халықаралық көрмелер бюросы бас пәтерінде Бас хатшы Лоссерталеспен еліміздің ұлттық үйлестірушісі ретінде кездесу өткіздім. Оның барысында ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізуге байланысты дайындық шаралар үдерісі сөз болды.
ХКБ барлық талаптары мен қағидаларының сақтау мақсатында және оған қоса Қазақстан Үкіметі іс-шараларын үйлестіру бойынша жүйелік жұмыстарды ұйымдастыру үшін келер жылдың қаңтар айы орта шегінде ХКБ-де Қазақстанның барлық мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізу жоспарланып отыр.
ЭКСПО көрмесін өткізу бойынша Астанадағы дайындық шаралардың келесі қадамы ретінде Қазақстан Республикасының тиісті мекемелерінің қатысуымен «мемлекеттік корпорациясын» құру болады.
«Abai.kz»