Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5948 0 пікір 29 Қараша, 2012 сағат 07:51

Қажымұқан Ғабдолла. Баға жетпес байлығым!

Бүкіл ғұмырымдағы ең жағымды, ең жылы, ең жаныма жақын жазбаларым - анашым туралы жолдарым...

...Анашым туралы айтарым көп, сырларым шексіз, мұңдарым мол...

...Ес біліп қалған кезімде: «Ақ жаулығы ананың - ақ көрпесі баланың» деген әдемі сөзді оқып, түн баласы аунақшып, апамды әрі аяп, әрі балаң ойларыммен аялап  көз ілмегенім есімде...

Менің апам жастайынан жесір қалды: бір әпкем, екі ағам төртеумізді совхоздың жүк көлігін жүргізіп, бағып-қақты. Отын шапты, шөп тасыды, көмір жеткізді. «Жетімге жеті бидай да тамақ» болып, бейнеттен көзін ашпады...

Қайдан оңай болсын?!.

Жар құшағынан ерте айрылып, балаларының болашағы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, тыным көрмей тер төккен ананың жүрегінен мейірімді, пейілінен таза не бар, мына жалған дүниеде?!.

*****     *****     *****

...Гүлім әпкем шалғайға, жер жәннаты Жетісудің жігітіне Құныпия жездеме тұрмысқа шықты. Апамның уайымы қалыңдады. Айлық жердегі балапанының тұрмыс-халін ойлап, жиірек күрсінетін болды. «Қыз - өрісің» деген қазақ, амал нешік, әпкеміздің бақытын тілеп, баянын көкседік...

Бүкіл ғұмырымдағы ең жағымды, ең жылы, ең жаныма жақын жазбаларым - анашым туралы жолдарым...

...Анашым туралы айтарым көп, сырларым шексіз, мұңдарым мол...

...Ес біліп қалған кезімде: «Ақ жаулығы ананың - ақ көрпесі баланың» деген әдемі сөзді оқып, түн баласы аунақшып, апамды әрі аяп, әрі балаң ойларыммен аялап  көз ілмегенім есімде...

Менің апам жастайынан жесір қалды: бір әпкем, екі ағам төртеумізді совхоздың жүк көлігін жүргізіп, бағып-қақты. Отын шапты, шөп тасыды, көмір жеткізді. «Жетімге жеті бидай да тамақ» болып, бейнеттен көзін ашпады...

Қайдан оңай болсын?!.

Жар құшағынан ерте айрылып, балаларының болашағы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, тыным көрмей тер төккен ананың жүрегінен мейірімді, пейілінен таза не бар, мына жалған дүниеде?!.

*****     *****     *****

...Гүлім әпкем шалғайға, жер жәннаты Жетісудің жігітіне Құныпия жездеме тұрмысқа шықты. Апамның уайымы қалыңдады. Айлық жердегі балапанының тұрмыс-халін ойлап, жиірек күрсінетін болды. «Қыз - өрісің» деген қазақ, амал нешік, әпкеміздің бақытын тілеп, баянын көкседік...

Үлкен ағам Естөре жүректі жігіт болып өсті. «Жарлы білегіне сенеді, жігіт жүрегіне сенеді» деп үлкеннің құрметтісі, кішінің қамқорына айналды. Кіші ағам Асқар екеумізді ержүректілікке тәрбиеледі. Інілерінің батыл азаматтар сапында жетілуіне бар ақыл-кеңесін, күш-жігерін аямады.

Кіші ағам Асқардың да мінез-құлқы жатағанға жатпады. Өзіндік ой-пікір, бірбеткей бітіммен өсті. Бұрынғылар: «Үш баланы өсіргенше, Үш шаһар апат болады» дегенді бекер айтпаса керек...

Басқаның ала жібін аттап, қиянат көрсетпесек те, анашымыздың жүрегін ауыртып, жүйкесін «шайқауда» ешкімнен қалыс қалған жоқпыз...

Бірақ, анадан кешірімді пенде жер бетінде болған емес...

Бәлкім, содан ба екен, қасиетті Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ә.с.) өзі: «Алдымен, анаңа, тағы да анаңа, содан кейін әкеңе жақсылық жаса!» -деген өнегелі өсиет қалдырған...

*****     *****     *****

Адам баласы жалған дүниеде мыңғырған малдан, қыруар қаржыдан, белшеден батқан байлықтан құр қалса - ештеңесін жоғалтпайды, ал, ана жүрегінің жылуын сезінбесе - бұл өмірге босқа келгені... Неге десеңіз, пәниде ана жүрегінен ыстық ештеңе жоқ...

«Мейрімі мол ананың, Жүрегі жылы, қолы кең» дегенде, аталарымыз жалғанның жалғыз ақиқатын танып,  дөп басқан...

Шынайы жанашырлық, ақ жол, адал ниет - ананың жүрегіне ғана дәнін себеді. Бір данышпан: «Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған» деген екен...

Ана жүрегінің қызуы темірді де ерітіп, құрышты да балқытып жібереді...

Атақты Ақсақ Темір өлген баласының кегін қайтармақ боп, адамдардың сүйегінен алып мұнаралар тұрғызды. Қаһарына мінген қатыгез Темірдің көзіне адам түгілі, жануар екеш - жан-жануарлар да түсуден тайсақтайды. Сонда Ақсақ Темірге бір әйел келіп: «Ей, озбыр неме, сен хан болсаң, сені сол алтын таққа отырғызған қазір күн сайын өзің қанын судай ағызған халқың! Сені «жетімге қорған, жесірге пана болар» деп сайлаған халқың, енді адамдық қасиеттен кеткеніңді көріп отыр.

Көкірегіңді қағып, «ханмын» деген сені мен төмен етек менің айырмашылығымызды білесің бе? Мен адамдарға өмір сыйлаймын, ал, сен өлім әкелесің... сөйте тұра, өзіңнің де АНАДАН туылғаныңды ұмыттың. Қане, қайтар менің баламды, оның тағдырын сен шешпейсің!» - деп, жұрттың алдында айқай салады...

Сосын, Ақсақ Темір терең ойға қалады. Ананың уәжінің ақиқаттығына иланып, райынан қайтыпты...

Атамыз қазақ: «Анадан артық дос бар ма? Ашудан жаман қас бар ма?» - деген қанатты өсиетін осындай ғибадаттық мысалдарды басынан кешкендіктен келешегіне мұра етсе керек...

*****     *****     *****

Бір қызығы, қаншама ержетіп, өзіміз балалы-шағалы болсақ та, біз әрқашан анамыз үшін бала болып қала береміз...

Алысқа кетсек - сағынамыз, қасына келсек - еркелейміз, тіпті, өзіміздің балаларымыздың көзінше анамыздың сөзін сәби кезіміздегідей жүре-бара тыңдап, балалық-шалалығымыздан айырыла алмаймыз...

Құдайдың құдіреті! Ана мен баланы бір-біріне осыншама ыстық, осыншама жақын еткен Жаратқанның құпиясына шара бар ма?!.

Бүгінгі күні сойталдай басымыз өз балапандарымызға тәлім беріп: «Жақсы жігіт - аспандағы жұлдыз, Жақсы қыз - жағадағы құндыз» дейміз де, сол сәтте анамыз келіп қалса: «Баланың өзі болғандай, Келіннің өзі келгендей» күйге лезде түсе қаламыз...

Бәлкім сондықтан шығар, атамыз қазақтың: «Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың» дейтіні...

*****     *****     *****

Жігіттің туған жері, өскен елі, асыл ауылы, аталас бауыры, жан досы, ана тілі, сүйген жары, сүйікті кәсібі... бәрі-бәрі жанына жақын қымбаттары мен қадірлілері...

Бірақ, аяулы АНАның жөні бөлек, орыны орасан. Әлгі қымбаттарымыздың құны АНАмыз болмаса, қаншалықты кеміп кетер еді...

...Ақ маманың ішкі жан-дүниесін, қайғы-уайымын өзімше терең түсінетін тәріздімін. Көңіліне тиер, жүрегіне салмақ салар жалғыз ауыз сөз айтпауға тырысатыным да шындық.

Қайсыбір көңілсіз сәттерімде: «Осы мен анашымның ақ сүтін ақтай алдым ба? Ақ маманың жанына жақын, жүрегіне жылы шаруалар атқардым ба?!:» - деп өз-өзіме сұрақ қоямын...

Апамның ойынан шығып, арманын асқақтату үшін барымды салып, күш-жігерімді аямауға тырысып баққан секілдімін.

Ана тілімді, туған ұлтымды, қазақтың мүдделерін қорғап-қолдап, ғазиз басымды талай қауіпке де тігіп келемін...

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

Осы бір ғибрат өмір бойы менің өмірімнің өзегіне айналды...

*****     *****     *****

Әне-міне дегенше, жылдарды-жылдар қуып, менің өмірдегі ең қымбат, ең жанашыр, ең аяулы адамым - ақ мамамның жасы 70-ке де жетіпті...

Әжімдерінің әр сызығы маған деген, ұл-қыздары мен немерелеріне деген шексіз махаббаттың белгісіндей анашыма мен де «Әлемнің жарығын» мәңгілік сыйлағым келеді...

Ақ мама! Ең кенже немереңіз ІНЖУдің тойындағы мәртебелі төрден көруге жазсын, Сізді!!!

Сіз менің баға жетпес бақытымсыз!!!

*****     *****     *****

...Апам туралы сырым мол, мұңым шексіз, айтарым таусылмайды.

Редакциядан:

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА дейтін ұлтын шексіз сүйетін азаматты дүниеге әкеліп бағып-қаққан, емендей ер етіп өсіріп, тәрбие берген асыл ананы мерейжасымен құттықтаймыз. Ұл-қызыңыздың көрсеткен қызығына кенеліп, кемел ғұмырыңыз ұрпағыңыздың бақ-дәулетімен жалғасын таба беруге Жаратқан хақ жар болсын!

«Мasa.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279