Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3315 0 пікір 7 Шілде, 2022 сағат 15:29

Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Бейбіт Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметің баспасөз қызметі жариялады.

"ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Бейбіт Салымұлы Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетін бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік ұйымда инженер-бағдарламашы болып бастаған.

2009-2011 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобаларды мониторингтеу және дамыту басқармасының сарапшысы.

20011-2013 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы.

2013-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында бөлімшелерді басқарған.

2017-2020 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры.

2020 жылғы қыркүйектен бастап - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371