Жұма, 22 Қараша 2024
2036 1 пікір 20 Шілде, 2022 сағат 14:32

Мәсімовтің қамау мерзімі ұзартылды

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамаудағы мерзімі 6 тамызға дейін созылды. Бұл туралы арнайы қызмет 19 шілдеде хабарлады.

Комитет мәліметінше, ҰҚК төрағасының бұрынғы екі орынбасарының да қамаудағы мерзімі ұзартылды: Әнуар Садықұлы 6 тамызға дейін, ал Дәулет Ерғожин 13 тамызға дейін қамауда отырады.

ҰҚК-нің бұрынғы басшыларына қарсы қылмыстық іске "Аса құпия" мөрі басылған.

Көп жыл бойы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі болған Кәрім Мәсімов 5 қаңтарда қамалған. Ол сол күні Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқан. Осы отырыста Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес төрағалығын өз мойына алғанын және Қазақстанға "халықаралық террористік топ" шабуыл жасағанын мәлімдеген.

8 қаңтарда ҰҚК "мемлекетке опасыздық жасады" деген күдікпен Кәрім Мәсімовтің қамауға алынғанын, 13 қаңтарда "билікті күшпен басып алу" бабы бойынша да іс қозғалғанын хабарлаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290