Ел боламын десең... ҚАРТЫҢДЫ ТҮЗЕ!
Мен бұл «Ел болам десең... қарттарыңды түзе» деген жазбаны семейлік қайраткер қыз Майра Әбенованың Фейсбуктегі парақшасынан тауып алдым. Дәл айтылған!
Ақтаулық қырық қарияның Жаңаөзеннің атын өзгерту жайлы сұрқия ұсынысы, басқаны қайдам, өзімнің осы кезге дейінгі қазақ ақсақалдары жайлы айта алмай жүрген бітеу жарамды жарып жіберді...
Бүгінгі қазақ ақсақалдары кімдер? Олардың абырой-қадірі бар ма? Бар болса қандай деңгейде? Арасында елге, халыққа ақыл сөз, даналық нақыл айтатындары табыла ма? Билікке, әкімге, басшыға жалтақтамай өз пікірін қорықпай айта алатын қазақ ақсақалдары бар ма? Өз төрін төмендетпейтін, адамгершілігін аласартпайтын, сыйы мен сынын қашырмай, өз сәнімен әдемі қартайып жатқан шалдар елімізде бар ма?
Кешегі Жаңаөзен трагедиясы кезінде ауыздарын буған шалдар ертеңгі ұрпаққа не қалдырдым деп айта алады? Жаңаөзен трагедиясын айғайлап айыптаудың орнына, ары мен ұятын жиып қойып, оны ұрпаққа ұмыттыруды мақсат қойған қариялар ертеңгі ұрпақтың өздері жайлы не айтарын ойлады ма екен? Қазақтың шалдары неге жалтақ? Олар кімнен қорқады? Тіпті кеңес заманында қазақтан бес адам қорықпай Сталинге хат жазды емес пе?! Қазір неге ондайлар табылмай отыр? Бұл сұрақтардың жауабы біреуге айқын, біреуге түсініксіз болар.
Мен бұл «Ел болам десең... қарттарыңды түзе» деген жазбаны семейлік қайраткер қыз Майра Әбенованың Фейсбуктегі парақшасынан тауып алдым. Дәл айтылған!
Ақтаулық қырық қарияның Жаңаөзеннің атын өзгерту жайлы сұрқия ұсынысы, басқаны қайдам, өзімнің осы кезге дейінгі қазақ ақсақалдары жайлы айта алмай жүрген бітеу жарамды жарып жіберді...
Бүгінгі қазақ ақсақалдары кімдер? Олардың абырой-қадірі бар ма? Бар болса қандай деңгейде? Арасында елге, халыққа ақыл сөз, даналық нақыл айтатындары табыла ма? Билікке, әкімге, басшыға жалтақтамай өз пікірін қорықпай айта алатын қазақ ақсақалдары бар ма? Өз төрін төмендетпейтін, адамгершілігін аласартпайтын, сыйы мен сынын қашырмай, өз сәнімен әдемі қартайып жатқан шалдар елімізде бар ма?
Кешегі Жаңаөзен трагедиясы кезінде ауыздарын буған шалдар ертеңгі ұрпаққа не қалдырдым деп айта алады? Жаңаөзен трагедиясын айғайлап айыптаудың орнына, ары мен ұятын жиып қойып, оны ұрпаққа ұмыттыруды мақсат қойған қариялар ертеңгі ұрпақтың өздері жайлы не айтарын ойлады ма екен? Қазақтың шалдары неге жалтақ? Олар кімнен қорқады? Тіпті кеңес заманында қазақтан бес адам қорықпай Сталинге хат жазды емес пе?! Қазір неге ондайлар табылмай отыр? Бұл сұрақтардың жауабы біреуге айқын, біреуге түсініксіз болар.
Өзімді, құрбы-құрдас замандастарымды ауылдың қарияларының сөзімен, ғибраттарымен, жыр, әңгімелерін естіп өскендер, солардан тәрбие алған ұрпақ деп санаймын. Ар, намыс, абырой, иман деген ұғымдарды заманымыздың қарияларынан алып өстік.... Ал, бүгін ше? Қазіргі жастарымыз тәлім-тәрбиені бүгінгі ақсақалдардан алып отыр деп айта аламыз ба?
Әрине, ақылгөй дана, өз орнымен, сәнімен қартайып жатқан қазақ ақсақалдары қазіргі заманда жоқ деу - күнә болар. Бірақ, олар аз болар. Бар шығар, бірақ ондайларды бағалайтын, қадірлейтін қоғам, билік, үкімет бүгін жоқ екені айқын...
Менің бүгінгі айтпақ әңгімем осы ат төбеліндей аз ғана, көзге көрінбей жүрген қариялар мен ақсақалдар турасында емес... Менің әңгімемнің бүгінгі кейіпкерлері - азған, тозған, қадірсіз, биліктің айдашабына айналған, шапан жапса екен, арқамнан қақса екен деп, әкімдер мен қалталылардың, лауазымдылардың қуыршағына айналған, бата берудің орнына тост айтатын, тілек айтудың орнына «алып қояйық» дейтін биліктің сайқымазағы, жезөкшесі, сылдырмақ темір мен жалған атақтың құлы, шенділерге жарысып мақтау айтатын алжыған қарттары жайлы, кешірерсіз, қырттары хақында. Мейрам, мереке, кәсіби мереке, мерейтойлар сайын әртүрлі ас, жиындар сайын сый-сияпат алып үйренген, сақалын, қариялылығын сатқан асыранды шалдар жайлы. Сол марапаттарға шақырылмай ұмыт қалса, сый-сияпаттардан байқаусызда таса қалып қойса, әкімдер мен басшыларды жағалап, өкпе-назын жыр етіп айтпаса, тамақтары сіңбейтіндер жайлы.
Осыншама жаман теңеулерді қарияларға аямай төгетіндей сен кімсің, соншама оларда қанша ақың қалды дерсің, оқушым. Сөккім жоқ, бірақ сөкпеске амалым жоқ. Өзім де шалмын, маған да қатысы бар, маған да тиіп жатқан жан ауыртатын істерді көріп тұрып қалай үндемейін. Қарттардың абыройы - менің де абыройым. Қарттардың абыройы - еліміздің, болашақтың, жас ұрпақтың абыройы. Бүгінгі кейбір қариялардың биліктің табанын жалап, қадірінен айрылып жатқанын жас ұрпақ көріп отыр, олардың лас, жиіркенішті істерін үлгі деп қабылдап отыр. Осы «үлгіні» жастар ертең қайталайды, қазір де қайталап («жасотандықтар») отыр. Сондай бағытта мемлекеттік тәрбие жүріп жатыр. Өткен заманда жарыса мақтаған күн көсемдердің бүгін тарихтың батпағында, шаңының астында қалғанынан неге сабақ алмаймыз? «Қарт жаңылмасын, қатесін жөндеуге уақыты жетпейді» деген сөз бар. Кәрі қойдың жасындай өмірі қалғандар осыны неге ойламайды?
Қазақ қарияларының сұрқия жарамсақтығын, қолпаш сүйгіштігін көріп: «Сендер ақша, мансап қуған әкімдердің, балаларыңның мазағына, қуыршағына айналып барасыңдар!» деп айқайлағың келеді.
Осындайда бір әкімнің айтқаны есіме түседі. «...Үлкен мереке болатын күннің қарсаңы еді. Таң атпай қаладан әкімнің орынбасары телефон соғып: «Бүгін әкім барады, дереу жүзге келген ақсақалды тап, сөз сөйлейтін болсын» деп сарт еткізді. Не істеймін, аяқ астынан жүзге келген шалды қайдан табамын? Тоқсанға келген бір шал бар еді, баласы қарамағымда мекеме бастығы. Баласын шақырып алып, жақсылап құлағын бұрадым. Шалмен де сөйлестім, жүзге келдім деп айтыңыз деп қайта-қайта тапсырдым, екеуіне де. Сонымен шалдың сөйлеу кезегі келіп, ортаға шығып алып «жасым тоқсанға келіп тұр» демесі бар емес пе!? Әкім болса мені көзімен тесіп жеп барады.
«Жәке, алжыған шал ғой, жасын ұмытып қалған» - деп басымды әрең арашалап қалдым».
Бір бизнесмен арнайы тапсырыспен анасының Президентпен бірге суретке түскен «кездесуін» бейнелеген билбордты салдырып, сол арқылы өзінің мерейі мен бизнесін көтермек болған әрекетінің кейін жалған екендігі ашылып, күлкілі жағдайға тап болғаны жұрттың есінде.
Президенттің, әкімнің алдына шығып, бата беруге, мақтау өлең оқуға жарысып таласу - осы мазақтың тағы бір көрінісі. Елбасы бір ауданға келіп, халықпен кездесуге жиналған жерде бір тоқсандағы қария (кеңес заманында Еңбек ері деген атағы болған): «Мен қайтсем де, Елбасыға арнаған өлеңімді ол кісінің өзіне оқымасам болмайды» деп қоймайды. «Болмайды» дегенге түсінбей езеуреген шалдың ісі алдын ала ескертілмеген шара болғандықтан, қарияның «мен героймын» дегенін оққағарлар тыңдай ма, тоқсанға келген шалды Елбасының күзетшілері жұрт көзінше сілкілеп, мазақ қылып өңменінен итеріп тастайды.
Атын тарихта қалдыруға, көше т.б. атаулар үшін таласып, оның аяғы адам күлетін, халықты жікке бөлетін, араздастыратын жағдайларға душар етіп жатыр. Бір ауылда ағайын, туғандары, балалары дүниеден өткен бір ақсақалға сол ауылдан бір көше атын алып беруге қолдарын жеткізеді. Бәрі жиналып, бір күнді белгілеп, арнайы тақта дайындап, сол тақтаны ілуге арналған жиын өткізбек болады. Шараның ашылар уақытына аз қалғанда ауылға екі джип мінген бір топ адам сау ете қалыпты. «Не істеп жатырсыңдар! Дереу тоқтатыңдар бұл іс-шараларыңды! Бұл көшеге пәленше деген біздің адамымыздың аты берілмекші. Ол жайлы аудан әкімі мен мәслихатпен келісіміміз бар, беретіндерін беріп қойғанбыз!! - деп атой салады. Не керек, бұл дау-жанжал біразға созылып, сол ауылдың, ағайынның берекесін алып тынады.
Шалдардың екіжүзділігі, дүниеге ашкөздігі әртүрлі сайлау кездерінде, қалталы үміткерлердің кәмпит-шәйін қайтсем алып қаламын деп, ар-ұяттан безуі жиі көрініс тауып жатыр. Ж. деген үгітшінің әңгімесі: «Қазалы ауданында мәжіліс депутаттығына сайлау алды насихатының кезі. Екі мықты үміткердің күресі. Бір абыройы бар деген ақсақалдың үйіне арнайы барып, беретінімді беріп, ақсақалдан кімге дауыс беретінін сұрадым. «Мына тұрған немеремнің өмірімен ант етейін, сенің адамыңа дауыс беремін» - дегенде соншама емешесі маған бұрылмай-ақ, немересінің атымен ант бермей-ақ қойса қайтеді деп ыңғайсызданып қалған едім. Сүйтсем, кейін білдім, жаңағы шалым біздің қарсыласымыздың үгітшісіне де солай ант беріпті».
Әрине, бұл сөздерімізден бүгінгі қарттарды сыйлама, олар өңшең алаяқ, өңшең екіжүзді деген пікір тумасын демекпін. Ондай мақсатым да жоқ. Мақсат - қазақ жұртының шалдарының бүгінгі заманға келіспейтін істерін айту, оны болдырмау. Айту парызымыз. Жастарға айтарымыз: «Қартты сыйла, ол бүгінгі әкең, ертеңгі өзің» десек, қарттарға айтарымыз: «Қартайғанда құр мадаққа желпілдеме, құр қолпашқа елпілдеме. Өз орныңды біл, сәнімен қартай!».
* * *
Қазақтар жайлы анекдоттардың басты мағынасы - көбінесе қазақтардың мақтаншақтығы, қазақтың барлық затты, елді өз ұлтына, руына туыс етіп қосып алғыштығы жайлы екенін білеміз. Солай десек те, қазақтар жайлы нағыз анекдоттар бүгінгі өмірімізде, күнделікті жергілікті үкіметтік БАҚ пен телеарналарымызда көрініс тауып жатыр. Бұл анекдот көріністерді мемлекеттік саясат, мемлекеттік идеология десек қателеспейміз.
...Теледидардан көшесін асфальттағаны үшін әкімді айналып, толғанып сөйлеп жатқан қария - бүгінгі мемлекеттік саясатымыздың сұрқиялық масқараға толы символы, бет пердесі десек болады.
Сағат ЖҮСІП
"Общественная позиция"
(проект "DAT" № 44 (172) от 29 ноября 2012 г.