Жұма, 22 Қараша 2024
2067 1 пікір 1 Тамыз, 2022 сағат 12:59

Қазақстан халқы 2050 жылы 27 млн-нан асуы мүмкін

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ болжамдау департаментінің сарапшылары демографиялық болжамын жариялады. Орталықтың хабарлауынша, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20,8 млн-нан 21,5 млн-ға дейін, ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 млн-ға дейін көбеюі мүмкін.

"Егер өлу мен туу көрсеткіштері 2021 жылғы деңгейде, ал сыртқы және ішкі көші-қон 2017-2021 жылдардағыдай болса, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20 млн 958 мың адамға, ал 2050 жылға қарай – 27 млн 192 мың адамға жетеді", – деп хабарлады ЕРДО болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Оның мәліметі бойынша, 2030 жылға қарай Нұр-Сұлтан қаласында халық саны 420 мыңнан 1,7 млн адамға дейін немесе 33%- ға, Алматыда 414 мыңнан 2 млн 466 мың адамға дейін немесе 20% - ға, Шымкентте 369 мыңнан 1,5 млн адамға дейін адамға немесе 32% - ға өседі.

Сондай-ақ Түркістан облысында халық саны 207 мың адамға, Маңғыстау облысында 170 мың адамға, Алматы облысында 145 мың адамға артады.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарында халық саны, керісінше, азаюы мүмкін.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276