бұдан былай Үкімет жиыны қазақша өтеді![]() Жаңа Үкіметтің басшысы Серік Ахметов Министрлер кабинетінің отырыстары мен ірі жиындарды мемлекеттік тілде өткізу туралы шешім қабылдапты. Серік Нығметұлы бұл идеяны жүзеге асыруға кеше кірісіп кетті: Үкіметтің кешегі отырысы толығымен тек қазақ тілінде өтті. Бір айта кетер жайт, осынау ізгі істің ел ертеңі - жастар тақырыбынан бастау алуында да бір символикалық мән бардай. Ағалардан нұсқау болған соң, Министрлер кабинетінің кешегі кеңейтілген жиынында мінберге шыққан белсенді жастар да ана тілде майын тамыза сөйледі. Жиынның екінші жартысында да мемлекеттік тіл өзінің мәртебелі орнынан түспеді, үстемдігін сақтады: ел Парламентінің «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің» нақтыланған жаңа жобасын қабылдауына орай ел Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жаңа қаулының жобасын таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев те баяндамасын басынан аяғына дейін қазақ тілінде жасап шықты.
Ең көп оқылған
0 пікір
Үздік материалдар |