Жұма, 22 Қараша 2024
1135 0 пікір 4 Шілде, 2022 сағат 13:37

Әлеуметтік нысандар Мәжіліс депутаттарының назарында

Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары - «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мақпал Тажмағамбетова мен Жанна Телпекбаева Қонаев қаласындағы 900 орындық мектеп құрылысымен танысты.

«Бұл нысанның құрылыс жұмыстарына «Еңбек» бағдарламасы арқылы 150 адам жұмысқа тартылған. Құрылыс жұмыстарына біз толықтай отандық өнімдерді қолданып жатырмыз.

Құрылыс жұмысын халық қалаулылары бақылап отыр. Сондай-ақ ғимарат келесі жылы  толығымен пайдалануға беріледі» -  деді мердігер  Бекзат Молдабеков.

Құрылыс жұмыстарын аралап көрген Мәжіліс депутаттары бірқатар мәселелерге назар аударды.

– Мердігерлер мектепті уақытында аяқтауы тиіс. Әрине, бірінші кезекте мектептің құрылысы жоғарғы деңгейде  болса дейміз. Сонымен бірге сапалы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, барлық стандарттарға  сай болуын, яғни құрал-жабдықтарға, зертханалардың  дұрыс орналасуына да бақылау қажет,  - деді Мәжіліс депутаты Мақпал Мазаққызы.

Жаңа білім нысанында балалардың сапалы білім алуына барлық жағ­дай жасалмақ. Мектепте оқу ка­бинеттерімен қатар, технологияларды өңдеу шеберха­насы, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, компьютерлік сыныптар, меди­цина кабинеті болады.

Сонымен қатар, халық қалаулылары қала әкімшілігіне  мемлекет қаржысына салынып жатқан нысанның сапасына ерекше мән беруді тапсырды және сала басшыларының өтініш­теріне құлақ түріп, білім саласын­дағы мәселелерді назарға алатындарын  жеткізді. Білім мекеме­лерінде санитарлық құралдардың толық болуы мен талаптардың қатаң сақталуы керегін ескертті.

Жаңа ғимараттың пайдалануға берілу уақыты келесі жылдың қаңтар айы деп жоспарлануда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 50 пайызға аяқталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333