Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
2079 0 пікір 7 Шілде, 2022 сағат 13:47

Мәжіліс депутаттары дәрігерлік амбулатория құрылысымен танысты

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мейрамбек Төлепберген мен Гүлдара Нұрымова Қаракемер ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысымен танысты. Сондай-ақ халық қалаулылары амбулатория құрылысын жүргізіп жатқан «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС өкілдерімен және жұмысшыларымен кездесіп, құрылыс жұмыстарындағы проблемалық мәселелерді талқылады.

Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген бұл «AMANAT» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі  Жол картасы аясында  бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысан екенін айта келіп, құрылыс жұмысының сапасы мен жоспарлы уақытта аяқталуы депутаттардың бақылауында екенін  жеткізді.

Айта кету керек, нысан құрылысы өткен жылдың 19 қазанында басталған. Жақын уақытта пайдалануға берілмек. 1600-ден астам халқы ауыл халқына қызмет ететін мамандарда дайын. Ал аудан әкімдігі дәрігерлік амбулаторияның бұрынғы ескі ғимаратын тұрғын үй ретінде қайта жасақтап, ауыл дәрігерлерін баспанамен қамтамасыз етпек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 351
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 996
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 318
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 300