Сәрсенбі, 17 Тамыз 2022
1107 2 пікір 2 Тамыз, 2022 сағат 12:03

Осакаров ауданына қазақша атау берілді

Қарағанды облысындағы Осакаров ауданы «Сарыбел» деп аталатын болды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қарағанды облысының Осакаров ауданының атауы өзгертіледі. Жергілікті тұрғындар жиырма жыл бойы «Сарыбел» тарихи атауын қайтару мәселесін көтеріп келген болатын. Бүгін ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясы осы мәселеге байланысты бірауыздан оң шешім қабылдады. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің жаңа ауданға «Тұран» атауын беру туралы ұсынысы да қолдау тапты",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, комиссия мүшелері мемлекеттік меншіктегі бірқатар объектілерге атау беру және қайта атау туралы ұсынысқа оң қорытынды берді.

«Қоғамда ономастика мәселелерінің әлеуметтік маңызы зор. Барлық ұсыныстар сараптамалық және ғылыми орта өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қатысуымен қаралады. Соңғы уақытта комиссия бірінші кезекте азаматтардың пікірін ескеріп, бірқатар маңызды шешімдер қабылдады», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Алаш-арман

Бейбіт Қойшыбаев  2582
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм және Ұлы қолбасшылар

Бейсенғазы Ұлықбек 2103
Әдебиет

Түс

Ерғали Бақаш 1774
Әне, көрдің бе?

Архимед кімді қорғаштайды?

Жайберген Болатов 2867