Сенбі, 23 Қараша 2024
Дей салдым-ау 3000 1 пікір 3 Тамыз, 2022 сағат 12:50

Ядролық қару: Путин «жұмаққа» асықпайды

Соңғы айларда көпшілікті «Ресей президенті Путин ядролық қаруы бар НАТО елдерімен қақтығысқа түсе ме», - деген сұрақ қызықтырды. Осыдан он жыл бұрын дәл осындай ядролық қақтығыс туралы сұрақ күлкілі болмақ түгілі, абсурд болып көрінетін. Қазір Путин өзгенген. НАТО шенділері Ресей Конституциясының кепілі саналатын Владимир Путин ядролық қақтығысты оп-оңай ұйымдастыра алады деп алаңдайды.

Ресей Украинаға соғыс ашқан ақпан айының аяғында немесе наурыздың бас тұсында Путин ядролық қаруға қол жүгіртуі мүмкін болып көрінсе, қазір жағдай өзгеше. Путиннің енді ядролық қаруға арқа сүйей қоюы екіталай. Мұның бірнеше себебі бар.

Бірінші себеп – Путиннің сыртқы саясатының негізі – бос былшыл (блеф). Сіз ұзақ уақыт «блеф» жасай аласыз, бірақ, уақыт өткен сайын олар сізге сенуден қалады. Путин «ресейліктермен бірге жұмаққа баруға» дайын екенін айтты. Бірақ, қазір ол өзінің осы сөзін ұмытты. Әрі өзі де жұмаққа ұмтылмайтыны анық.

Екінші себеп – Украина жорығы Ресей армиясының әлсіздігі мен осалдығын көрсетті. Бес айдан астам уақыт өтті. Кремльдің әуелдегі жоспарының тас-талқаны шықты. Ал украиндар біртіндеп Ресей қорғанысын зерттей бастады. Қарсы шабуылға дайындалуда.

Үшінші себеп – АҚШ-тың ескертуі. Путин ядролық соғыс туралы айта бастағаннан кейін АҚШ-тан ескерту алды. АҚШ баспасөзі жазғандай, Путин тактикалық ядролық қару қолданылған жағдайда оның Ресей аумағындағы барлық бункерлері жойылатынын ескертілді. Ал Ресей аумағында ондай бункерлердің оншақтысы бар.

Төртінші себеп – Ресей армиясының күш-қуаты, жеңілмейтіндігі туралы қалағаныңызша айтуға болады. Бірақ Украинадағы соғыс бұл доктринаға күмән келтіреді. Сонымен қатар, НАТО әскерлерінің күші жойылған жоқ. «Әлемнің екінші армиясы» деп аталатындар НАТО әскерімен күш сынасқысы келуі екіталай.

Осылайша, Путиннің « қызыл түймені басуға» батылы бармайды. Путиннің өзін-өзі сақтау инстинкті жеткілікті дамығандықтан, оның ядролық мәселеде басқа елдердің күшін сынауы екіталай.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340