Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4091 0 пікір 6 Желтоқсан, 2012 сағат 08:03

Мұнайдар БАЛМОЛДА. КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ НАЗАРЫНА!

 

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туы - Қазақстан Республикасының негізгі рәміздерінің бірі. ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекттік рәміздері туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығымен (24.1.1996) белгіленген.

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуін нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.»

Бұл елдігіміздің нышаны көк байрағымыз қақындағы ресми мәліметтен үзінді. Бұған қосымша туымызды қалай пайдалану қажеттігі туралы да мейлінше сарқа жазылған. Онда қандай жағдайда және қайсыбір ғимараттарда ілінуі керектігі көрсетілген. Сол ұзын-ырға ереженің соңына таман төмендегі пәрменді оқыдық:

Ғимараттарға тұрақты тігілген Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруға тиіс.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ НАЗАРЫНА!

 

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туы - Қазақстан Республикасының негізгі рәміздерінің бірі. ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекттік рәміздері туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығымен (24.1.1996) белгіленген.

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуін нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.»

Бұл елдігіміздің нышаны көк байрағымыз қақындағы ресми мәліметтен үзінді. Бұған қосымша туымызды қалай пайдалану қажеттігі туралы да мейлінше сарқа жазылған. Онда қандай жағдайда және қайсыбір ғимараттарда ілінуі керектігі көрсетілген. Сол ұзын-ырға ереженің соңына таман төмендегі пәрменді оқыдық:

Ғимараттарға тұрақты тігілген Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруға тиіс.

Мемлекеттік Ту басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша көтерілуі (тігілуі) мүмкін.

Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туымен бірдей болмауға тиіс.

Шыны керек, түн мезгілінде туымызға жарықтың түсірілуін аса байқай алмай жүрміз. Астанада бұл тәртіп қатаң сақталатын шығар, былайғы қалалар мен аудандардың кей тұсында болмаса, көк ту әр түн сайын қараңғылықтың құшағында қалады.

Бір жылы туға қатысты өз пікірімді ортаға сала келіп, (Заң газетіне шықты) жаз айларында ол ыстық желге қурап, оңып кетпесі үшін және сабына оратылмай, үнемі желбіреп тұруы үшін оның жан-жағынан арнайы желдеткіштер орнатып қойса қайтеді деп ұсыныс жасаған едім, елеусіз қалды. Сосын: «Мемлекеттік Ту басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша көтерілуі (тігілуі) мүмкін» деген сөздің бір қайнауы ішінде, неге десеңіз тап осы сөз желеу ме, әлде өздерінің өктем-пысықтығы ма біздің жақта Мемлекеттік Ту кез-келген тұсқа тігіле береді. Мысалы, Оралда нөмірі №3 қоғамдық монша бар, ел аузында «механикалық зауыт маңындағы монша» атанып кеткен. Сол моншаның кіре беріс төбесінде соңғы бес-алты жылдан бері көк туымыз «қор болып» тұр. Заңда көрсетілгендей төбесіне ту тігуге болатын бұл үй-жай емес, сонда  адам жуынып-шайынатын орынға туды апарып қадап қоюдың қандай қажеттілігі болды екен? Өкінішке орай жоғарыда көрсетілгендей «иелерінің еркі бойынша» адам кір-қоңынан арылатын жерге де Мемлекеттік Ту тұруы тиіс болыпты? Осыған ұқсас және бір мысал. «Ай-Луна» дейтін кафенің төбесіне де көк байрағымызды қадап қойғанын көргендер көп жайтты түсіне алмай дал. Кафенің қызметі кім-кімге де түсінікті, ішімдік бар жерде не жоқ? Аталған орындардың иелері өздерінше жақсы мақсатпен тіккен болар, бірақ лайықты тұғырын таппаған туға обал емес пе? Оны монша мен кафе төбесінде тұрғанын күнде көретін елге, жас ұрпаққа обал емес пе?. Осыдан соң: «Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуін нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады» дегеніміз қайда қалады, кімге әсер етеді? Туымызды бұлай көрінген жерге тігу оған деген, елдігімізге деген сый-құрметті түсіріп, отансүйгіштік сезімді шайқайды.

«Қазақ десең өзіңе тиеді», бірақ тағы да айталық, жиырма жылдың жүзі болды-ау деймін, біздің Батыс Қазақстан облысындағы кейбір жанармай құю бекеттерінде Мелекеттік Туымызбен қатар шеркеш руының қан-қызыл түсті, ортасында рулық таңбасы салынған, шашақты жалауы желбіреп тұр. Осы жайында журналистер талай мәрте мәселе көтерді, бірақ БАҚ-тың «төртінші билік» болуы қағаз жүзінде қалғаны көрінеді, «баяғы жартас, бір жартас», тіпті әлгі ру жалауы облыс аудандарын «жаулап» алды. Егер «иесінің еркі бойынша» көрші облыстарда сондай жанармай құю бекеттері салынса, оларға да «ауыз салатын» түрі бар. БАҚ дейміз-ау, бұған құзырлы орындардың әлі келмей отыр емес пе?  Бір жылы жүйке ауруына шалдыққандар емделетін аурухана шатырына: «Қазақстанның болашағы сендердің қолдарыңда!» деген ұран да ілінгені бар, оны сынаған едік, қортындысы тез болды, ұран алынды. Кей-кейде идеологтарымыздың осылай асыра сілтеп жіберетіні жұртты да, ұлтты да ұялтады.

Заңға сүйенсек жанармай бекеті ғимаратқа да, үй-жайға да жатпайды. Ал монша мен кафені ғимарат деп санасақ та олардың мәндік, қызметтік сипаты мемлекет рәмізін орнатуға тағы келмейді. Бізде осының байыбына бару жоқ, жалпы ғимарат деп ірі, сәулетті, мәдени сүдіні бар құрылыс орындарын атайды, кісі кіріп-шығатынның бәрін ғимарат деуге болмас. Оралдағы ту тігілген монша екі қабаттан тұрса да, кафенің сырты жарқ-жұрқ еткен шамға толса да ғимарат деуге келмейді, көз тартпайтын қарабайыр орын.

«Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туымен бірдей болмауға тиіс» дегенді аталған ру туын тігуші сақтаса-сақтап отырған шығар, бірақ  көк тудың қасында қып-қызыл болып, біртүрлі басым көрінеді. Құдды кешегі коммунистік партияның туын көзге елестетеді. Міне, бізде осындай бар. Бұған ырық беріп отырғанымыз қынжылтады.

Әрбір қалталы қазақ өзі қалаған жерге руының жалауын жалпылдата берсе, оны көк тумен қатар қойса, оның арты не болады? Бұл бірігуге емес, жікке бөлінуге шақырып тұрған жоқ па? Осыны ойладық па? Бұл арада бірлестіктің не ұйымның туы емес, рудың жалауы ілініп тұр. Жалпы бірлестіктер мен ұйымдардың да өзіндік туының болуы қаншалықты қажет деген сұраққа да дұрыс жауап жоқ. Қай жерде тұрса да тәуелсіз еліміздің туы дара тұруы керек, онымен жапсарласып, оған көлеңкесін түсіріп, өзге тудың қабаттасуы дұрыс емес деп есептеймін. Еліміздің туы басқа мемлекеттердің туымен саяси, спорттық сайыстарда ғана қатар желбіресін, оның жөні бір бөлек, ал жеке бір мекеменің, рудың қолдан жасай салған алабажақ жалауларының тасасында қалуы намысқа тиетін, арға селкеу түсіретін нәрсе. Бұған үкімет көзін жұма қарамауы керек, жергілікті жердегі ішкі саясат департаменті мемлекттік рәміздеріміздің дұрыс қолданылуын қадағалап отыр дегенмен біз айтқан мәселеге әлдері жетпейтіні көрініп қалғандай, себебі тағы айтамыз заңымыз шала. Қайтсін, олар заңнан асып кете алмайды. Сөйтіп, қол-аяғымызды заңымыз матап, көк туымызды үй емес, мал қорасына т.б. жерге апарып қадап қойса да тиым сала алмайтындай күйге душар болыппыз демеске лаж қайсы?

«Мемлекеттік Ту басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша көтерілуі (тігілуі) мүмкін» деген тәртіпті енгізгенде АҚШ сияқты елдерге еліктеп кетсек керек, иә, оларда солай, американдықтар үй емес, іш киіміне де елтаңбасы мен туының суретін салып алып, әнұранын жалаңаш күйде де шырқай береді. Бізге солардай болу керек пе? Біздің өз жолымыз, өз жөніміз, төл тарихымыз, салт-дәстүріміз бар ел емеспіз бе? Ешкімге еліктеп-солықтаудың, соның ішінде үнді тайпаларының сүйегінің үстінде тұрғызылған АҚШ-ты, не сол құсаған басқаны өнеге тұтудың қажеті қанша? Біз «Қош келдіңіз!» деген қошемет сөзді аяқ сүрткішке жазып, еденге төсеген ел емеспіз, табалдырықтан оң аяқпен аттап, әулетке амандық тілеген текті елміз. Бізге мемлекетшіл сезім қажет, мемлекетшіл ар-ұятымыз оянбай досқа таба, дұшпанға күлкі болумен күніміз өтеді. Менің Мемлекеттік Туымды, Елтаңбамды, Әнұранымды жиырма жыл ішінде қалай қорламады? Әлдебіреулер туымнан қапшық жасап, күл-қоқыс тасыды, сұмырай Борат жалаңаш тәніне орап, лыпа қылып, ойына келгенін істеді, Бішкек тігіншілері іш киімге бейнелеп тікті, күлсауытқа елтаңбамды басты, олимпиадада әнұранымның жолын қиды, Мемлекеттік рәміздеріме кім не көрсетпеді? Олардың бұнысы Қазақты, азат рухты елімді кемсіткені. Енді осыған өз қандастарымыз қосылып, еш нәрсенің байыбына бармай байрағымыздың беделін жойып жатыр. Сондықтан осы мақаладағы көтерген түйткілге Мемлекеттік Туды сүйіп, серт берген Елбасы екібастан, Ата Заңды сақтаймыз деп ел алдында ант қабылдаған үкімет басшысы Серік Ахметовтен бастап бүкіл құзыр иелері, заңгерлер, халық аманатын арқалаған депутаттар баса назар салуы керек деп білемін. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын кім көрінгенге қолжаулық қылуға бермейік! Түсініксіз, өзге кездемелерді туымызбен тайталастырып қою елдігімізге сын. Көк Туымыз арнайы, өзіне шын мәнінде лайық тұғырға ғана тігілуі тиіс! Қазақстан Республикасының азаматы ретінде бәріңізді мемлекеттік рәмізді қолдану туралы заңға өзгерту енгізуге, ондағы жалпақшешей мағынадағы сөздерді алып тастап, нақты жазуға шақырамын. Себебі, ту ілгіш иелердің еркін қимылдауына қазіргі заң мүмкіндік беріп отырғаны аңғарылады.

Көк тудың желбірегені -
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес,
Маған керегі-
Көк тудың желбірегені
,- деп келетін отангершіл рухтағы асқақ әнді әлдебір рудың жалпылдаған алабажақ жалауының тасасында қалған, не монша мен кафе шекесінде сабына оратылып, желбіреуге шамасы жоқ пұшайман күйге түскен сорлы туымызға мұңая қарап, мен шырқай алмайды екенмін. Сіз ше, отандасым?

Мұнайдар БАЛМОЛДА

Орал қаласы.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578