Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3419 0 пікір 7 Желтоқсан, 2012 сағат 11:58

Болат Абаған . Шекаралық аймақтардағы ел шет қалып барады

1997 жылдың көктемінде бірнеше облыстар жабылып, көптеген аудандар тарқатылған тұста Шығыс Қазақстан мен Алматы облысының Қытай Халық Республикасымен екі арадаға мемлекеттік шекарасы бойына орналасқан аудандардың біразы ықшамдауға ілігіп, көршілес жатқан аудандарға қосылып кеткен болатын. Осылайша, шығыста: Тарбағатай, Катонқарағай, Марқакөл, Мақаншы, Таскескен аудандары, Алматы облысында: Қапал, Нарынқол, Қоғалы, Үйгентас сынды елдің шеті, желдің өтінде орналасқан, мүмкіндіктерінше өз күндерін өздері көріп, кей-кейде алып елден соғатын суық желдің өкпегін басқалардан бірінші сезінетін аудандар халықтың алаңдауы мен өтініш-өкпесіне, жекелеген саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің дәйекті әрі тұжырымды қарсылықтарына қарамастан тарқатылып, алыс-жақында орналасқан басқа аудандардың «құшағына» сіңіп кетті.

Қазіргі кезде аудан мәртебесінен айырылып, бсқа ауданның құрамындағы елді мекендер санатына қосылған өңірдегі ауылдардың тұрғындары жыл сайын азайып, қала сағалап, ауа көшіп жатыр. Мемлекеттік шекараның ең бір күрделі тұсына қоныстанған байырғы қоныстардың біразының бүгінде орны ғана қалды. Мектептері мен дәрігерлік пункттері жабылып, жұрты қала жағалап кеткен елдімекендер қатары жыл сайын көбейіп барады. Соның кесірінен шекара бойы бос қалып, онда шетін оқиғалар да жиі тіркеле бастады.

Сондай қаңырап қалуға жақын тұрған елді мекендердің бірі - Шығыс Қазақстан облысындағы, биылғы жазда шекарашылары күзет бекетін тастай қашқан Терісайрық аумағында орналасқан бұрындары аты да, заты да өлеңдетіп тұрғандай көрінетін Сарыөлең ауылы. Мемлекеттік шекараның екі тұсынан, арғы беттен бастау алып, Үлкен Майлы асуының тұсына жеткенде бірін-бірі сағына қауышатын Қандысу мен Терісайрық өзендерінің табысатын тұсында, Маңырақ тауының жартасты сілемінің етегінде қоныстанған елді мекеннің бүгінде қирандысы ғана жатыр деуге болады. Заманында 130 шаңырақ тұрған, олардың әрқайсысынан орта есеппен жеті-сегіз адам шығатын, сонда мыңнан астам тұрғыны болған Сарыөлеңнің «әні» бітіп, әуені өшуге жақын. Бірінші кезекте клуб жабылды, одан соң медпунктке кезек келді. Кезінде Жданов атындағы орталау мектеп атанып, кейіннен Бауыржан Момышұлы есімін иеленген білім ошағының есігіне қара құлып түсті десек артық айтқандық емес. Қазіргі кезде әлі де атажұртын қимай отырған үйлердің бастауыш сынып жасындағы алты баласы осында «оқығанымен», қалған сынаптағы балалары он шақырым жердегі Жаңауылға қатынап білім алады. Шығыстың, оның ішінде Тарбағатайдың қысының мінезін білетіндіктен олардың ата-аналарының шыдамы да бір күні таусылатындығын қазірдің өзінде батыл түрде болжауға болады.

Осылайша, бұрыннан жасыл желекке оранып тұратын, тоқсаныншы жылдардың басындағы жер сілкінісінен соң жаңа үйлер мен ғимараттар салынып жайнай түскен елді мекеннің сәулелі шақтары бірер жылда мүлде

өшпек. Таудың ауылға қараған тұсындағы жастар «Махаббат сайы» атап кеткен аңғарға да көптен із түспепті. Ағаштар түгелге жуық күзелген. Егін егуге тым қолайлы болмағанмен, мыңғыртып мал өсіруге өрісті тұтас аймақтың орталығы болған ауылдың бүгінгі сиқы жүрегіңді ауыртады. Бұл бұрынғы Тарбағатай ауданындағы бір ғана ауылдың кейпі болғанымен, шекарала өңірдің ең шетіндегі елді мекендердің барлығының бүгінгі жағдайы осындай. Біразының түтіні мүлде өшіп, қирандылары ғана жатыр. Жыл сайын бірнеше мектеп жабылады. Бұрынғыдай орталықтарда малшылардың балалары жатып оқитын интернаттар жоқ болғандықтан, бүлдіршіндерінің ертеңін ойлаған ел бір күнде көшеде де кетеді.

Осы жолы әкімқараларды Астананың төріне жинап, біраз сілкілеп алған және нақты тапсырмалар жүктеген Елбасы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың жұмысына жоғары баға бергенде түсінбей қалғандардың бірі менмін. Бір кездегі Тарбағатай ауданының тумасы, сол өлкенің ауасымен дем алып, суын ішіп жетілген жан ретінде тәуелсіздікке іргесі сөгілмей жеткен аймақтың бүгінде шаңырағы шайқалып, шекара бойының мүлде бос қалғанын көріп жүргендіктен аудан, облыс әкімдерінің осы тұрғыдағы ұстанымы мүлде миыма сыймайды. Басқа елдер мемлекеттік шекаралары орналасқан аймақтарды тығыз қоныстандырып, халыққа барлық жағдайды жасап, қолдаулар көрсетуге кіріскенде, шығысқазақстандық әкімқаралар шекарада қоныстанған елді мекендердің түтіндерінің жаппай сөнуіне жол беріп, көздерін жұма қарап отыр. Тіпті Мемлекет басшысының шекаралы өңірлерді нығайту туралы тапсырмасын естеріне де алмайды. Керісінше, біртіндеп ауылдарды босату, сол арқылы түгін тартсаң май таматын шұрайлы жайылымдар мен шабындықтарды, арқырай аққан өзендерді, орман-тоғайларды, егістік алқаптарды қаңыратып, қараусыз тастау жыл сайын етек жайып келеді. Мұндай жағдай 1997 жылы тарқап кеткен шекаралы аудандардың барлығына тән. Бір кездегі совхоздардың жүздеген отбасы мен мыңдаған адам тұратын қой, сиыр фермаларының барлығы біртіндеп елді мекен деген мәртебесінен айырылып, шаңдары шығып қалуда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576