Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3380 0 пікір 8 Желтоқсан, 2012 сағат 12:48

Қазақша құжат қабылдамайтын банк

«Тіл туралы» Заңның 10-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесінде, ұйымдарында, меншік нысанына қарамастан, статистикалық есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі» деп жазылса да, бұл заң талабы кейбір банк қызметкерлеріне еш әсер етпейтіндей көрінеді. Бұған дәлел ретінде жақында ғана жеке басымнан өткен жағдайды айтып берейін.  Жаңаөзен қалалық «Қазақ тілі» ұйымы қоғамдық бірлестігінің есепшоты «Тұранәлембанктен» ашылған болатын. Өткен жылғы оқиғада оның Жаңаөзендегі бөлімшесі өртеніп, банк клиенттері қазіргі таңда аяқтарынан тозып, 150 шақырым жердегі Ақтау қаласына қатынауға мәжбүр. Жол шығыны да қалтамызға оңай тиіп тұрған жоқ.

Бұл банк филиалының обалы не керек, мемлекеттік тілге деген көзқарасы тәуір болатын. Қалай болғанда да банк ісқағаздарын ресми тілде толтырып әуре-сарсаңға түспейтінбіз. Бұдан былайғы жұмыстарымыз Ақтау қаласындағы «Тұранәлембанк» бөлімшесіне ауысқаннан кейін, шынымды айтайын, мұндағы жағ­дайымыз оншалықты мәз емес. Өйткені «банк өз ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізбей отыр» деп толық негізде айта аламын. Бір ғана мысал. Жаңаөзендегі бұрынғы үлгі бойынша қазақша «Төлем тапсырысын» толтырып, салыққа ақша аударып, «Тұранәлембанктің» Ақтаудағы бөлімшесіне келдім. Бірақ ондағылар тек орыс тілінде жазылған стандартты бланкін алдыма қойып, өзімнің жазып апарған қазақша бланкімді қабылдамай тастады. Бастығы Мәжит Оңалбеков мырза «Төлем тапсырысымды» қайтадан өздеріндегі «Платежное поручениеге» сол жерде орыс тіліне аударып берді. «Қазақ тілінде толтырылған «Төлем тапсырысын» Жаңаөзендегі бөлімшеңіз 10 жыл бойы қабылдап келді емес пе?» деген уәжіме құлақ аспады. Сонда деймін-ау, «Тіл туралы» Заң талабы неге орындалмайды? Бұған кім жауапты? Бұл заңда мемлекеттік тілге атүсті қарайтындарға жауаптылық жөнінде арнайы бап бар. Мәселен, аталған Заңның 7-ші бабында: «Қазақстанда мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің қолданылуына және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады» деп жазылған. 2001 жылғы 30 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 81-бабы «Тіл туралы Заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық» деп аталған. Мұнда осы жауаптылық үшін «айлық есептік көрсеткіштің оннан жиыр­маға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады» делінген. Бірақ бұлардың іске асып жатқаны туралы бірде-бір фактіні естіп, не оқып көрген жоқпыз. Міне, сөйтіп құжаттарды қазақ тілінде жүргізуді насихаттап жүрген біз оның қос тілділігіне де зар болып қалған жайымыз бар. Жалпы қаржы бағытындағы орындардың құжаттарды қазақ тілінде жүргізуіне күні бүгін не кедергі? Осы сауалымызға Қаржы министрлігі және басқа да «Тіл туралы» Заңның орындалуына мүдделі органдардардан жауап естігіміз келеді. Қашанға дейін мемлекеттік тіл, әсіресе банк саласында қағажу көре бермек?

Б.Ербақы,
Жаңаөзен қалалық «Қазақ тілі» ұйымының төрағасы

"Ана тілі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5574