Жұма, 30 Қыркүйек 2022
Білгенге маржан 2407 4 пікір 9 Тамыз, 2022 сағат 14:31

Кеткен қателік және шындық

Өз уақытында Ұлы Дала мен Қытай елінде болған миссионер Плано Карпини (Марко Поладан бұрын келген) өзінің жазып қалдырған еңбегінде, көшпелі түркілер құрған империяның (Шыңғыс хан қағанаты)  аумағын өз сөзімен былай суреттеген екен:

...Далее мы увидели обширное озеро (тегі, осы Алакөл, бұл арада басқа көл жоқ), оставили его на левой стороне и через землю кочующих найманов на исходе июня прибыли в отечество кочевых тюрков.

Содан кейін, ол өзінің келген және осы арада біраз уақыт тұрған мемлекеттің, яғни айтқанда, татар (ол кезде көшпелі түркі жұртын Еуропалықтар «татарлар» деп жалпылама сөзбен айтқан) империясының координатын дәлме-дәл көрсетеді: «К востоку же от них расположена земля китайцев, а также солангов (солаңдар) , к югу – земля сарацин, к юго – западу расположена земля гуиров (ұйғырлар), с запада – область найманов, с севера земля татар окружена морем – океаном ( қазіргі Алакөл) ».

Егер осыларды орыс тілінде айтатын болсақ: Сарацины - это попросту среднеазиатские мусульмане (нақтырағы сарт - Тәжіктер). Гуиры – уйгуры. По поводу загадочных солангов – это один из малочисленных народов Китая, расоложенных по соседству с Кашгарией.

Уйгуры – это жители нынешней китайской провинции Синь – цзян (Шыңжаң өлкесі), расположенной неподалеку от того места, где сходятся рубежи Кыргызстана и Казахстана. Если уйгуры обитают «с юго – запада» от татар, то татары, соответственно – еще не обязательно в Монголии, а в  Казахстане.

Біз орысшасында келтіргендей, Плано Карпини өзінің жазып қалдырған еңбегінде, аңғарсаңыздар, империяның аумағын қаншалықты дәлдікпен көрсеткен. Егер осы жұмысты оқып отырған адам білімді, сауатты болса, Ұлы қағанның құрған мемлекетінің алғашқы атақонысын оңай ажыратады.

Араға біраз уақыт салып, осы Плано Карпиниден кейін келген, оның отандасы Марко Поло өзінің жазбаларында, Орталық Азия елдерін, яғни айтқанда көшпелі Дешті – Қыпшақ тайпаларын «татарлар» кейде «моңғолдар» деп оларға  жалпылама ұжымдық ат беріп, жазып қалдырған.  Бұл әрине кеткен қателік. Өзге құрлық пен өзге ұлттың адамы болған соң, оған кешіріммен қарауға тиіспіз.  Дегенмен, ол Құбылайдың (Шыңғыс ханның немересі) шығарған бұйрықтары мен жарлықтары, сол секілді шешімдері түркі тілінде жазылғаның анық байқайды. Ол туралы жазушы, ғалым Р.П.Храпачевский былай дейді:  ... Он  заметил, что грамота Хубилая,  первого императора Китая (объеденитель), написана на тюркском языке.  

Біздің айтарымыз, кезінде Қытай мен Орталық Азия елдерінде болған екі итальяндықтың қалдырған мұралары, баға жетпес, құнды жұмыстар болғанымен, оларды оқығанда кейбір кеткен қателіктерді есте ұстауға тиіспіз. Ол әсіресе «татар» және «моңғол» сөздеріне байланысты. Сондықтан, алдағы кезеңде, шығыс елдерін, нақтырағы Орталық Азия елдерін зерттеуші  біздің ғалымдарымыз, әр уақытта «татар» және «моңғол» сөздері жалпылама қойылған атаулар екендігін ұмытпауы керек. Ал, мешеу қалған, сауаты шамалы, өтірікке малданып жүрген моңғол ғалымдары не жазсада өздері біледі. Тек, алдағы кезде, біздің оқымыстыларымыз  жөн – жобаны түсініп, жазғандарын жан – жақты терең  зерттеп, (шартарап елдерінің  әдебиетін және олардың ғалымдарының ғылыми еңбектерін сұрыптап, талдап, салыстырып, екшеп) қалың оқырманды алдамай (тіпті,  мектеп оқушыларына дейін),  айтарын оңымен айтып, дұрыс жазсын!

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

4 пікір